«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІНЕ МАРАПАТ

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ 23 МАУСЫМ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ МЕН 28 МАУСЫМ -БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ. ЖИЫНДА ГАЗЕТ ҰЖЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ШЕРИЯЗДАНОВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН БАСПАСӨЗ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

Аудан әкімі өз сөзінде мемлекеттік қызметшілерге заманауи, сапалы қызмет көрсету міндеті қойылып отырғанын айтып, халықтың билікке деген сенімі қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталатынын, ауданда мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшінің беделін көтеру бағытында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар аудан жаңалықтарын оқырманға сапалы да сауатты жеткізіп отырған «Мұғалжар» газеті редакциясының ұжымына алғысын айтып, жылы лебізін білдірді. Карантиндік талаптар сақталған іс-шарада бірқатар мемлекеттік қызметшілер облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің, аудан әкімі Асқар Шерияздановтың Алғыс хатымен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Иранда құлаған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ

admin_mugalzhar

СИТУАЦИЯ С КОРОНАВИРУСОМ В ЦИФРАХ И ФАКТАХ

admin_mugalzhar

Аустралияда орман өртінен миллиардтаған жануар қырылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.