«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа қаулы шықты: коронавирус шектеулері алып тасталады

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шектеулерді алып тастау бойынша бірқатар шешім қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады:

Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде:
— Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;
— әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;
— міндетті термометрия.

Екінші. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.

Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).

Төртінші. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.

Ұқсас ақпараттар

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ӨЗЕКТІ

admin_mugalzhar

Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін сүйіншіледі

admin_mugalzhar

ЖАРКЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.