«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БҒМ білім гранттарының санын жариялады

Биыл бакалавриат бойынша білім алуға 54 261 мемлекеттік білім беру гранты бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім және ғылым министрлігі 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға (магистратура және докторантура) мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялады.

Алдағы 3 оқу жылының әрбірінде бакалавриат бойынша 54 261, магистратураға 13 088, докторантураға 1 890 білім гранты бөлінетін болады.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру гранттарының саны 5 мыңға артатынын мәлімдеді. Ал 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны 50 пайызға көбейеді.

egemen.kz

Ұқсас ақпараттар

ПРИВЛЕЧЕНО К ОТВЕТСТВЕННОСТИ 143 ЧЕЛОВЕКА

admin_mugalzhar

Ақтөбеде сатушылар көлік бөлшектерін сататын базарды ашуды талап етті

admin_mugalzhar

Елімізде 11 млн 730 мың азамат тұрғылықты жерінде тіркелген

admin_mugalzhar