«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПРОБАЦИЯ: ТЕЗГЕ ТҮСКЕНДЕРГЕ ТАҒЫ БІР МҮМКІНДІК

Аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландиннің төрағалығымен өткен үшжақты комиссия отырысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, пробация қызметінің есебінде тұрғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен көпбалалы аналарды жұмыспен қамту және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері қаралып, олар үшін белгіленген жұмыс орындары квотасының орындалуы талқыланды.

Күн тәртібінде азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға қатысты сұрақтар көтеріліп, еңбекақыларын уақытылы төлеу жөнінде қабылданған шаралар туралы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасының орындалуы туралы, кәсіпорындардың әлеуметтік және зейнетақы аударымдары бойынша берешектері туралы мәселелерді қарады. Жиын барысында сөз алған «AltynEx Company» АҚ-ның кадр бөлімінің басшысы Абзал Ниязов компаниядабүгінгі күнге 648 жұмысшы жұмыс жасайтынын, оның 305- і Мұғалжар ауданының тұрғындары екенін, жұмысшылардың еңбекақы көлемі көтерілгенін, ай сайын уақытылы төленіп отыратынын айтты. Биылбіріншіретпробацияқызметі есебінде тұрған 2 адамды жұмысқа қабылдауға жолдама келгенін жеткізген компания өкілі бұны орындау өндіріс орнының қауіптілігіне байланысты қиындық туғызатынын, алайда жыл аяғына дейін пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа қабылдау мәселесін шешуді қарастыратынын айтакетті. Ал жақын арада минералдық плиталар өндіруді қолға алған «ҚазТермоГрупп» ЖШС-і бас директорының орынбасары Азиза Жүсіпова кәсіпорында 225 жұмыс орны қаралғанын, бірақ бүгінгі күнге зауыт толық іске қосылмағандықтан 170 жұмысшы жұмыс жасап жатқанын айтты. Аталған мекемеде пробация қызметінің есебінде тұрған 1 азамат, 2 алимент төлеуші азамат жұмыс жасауда.

131 МЕКЕМЕМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Жыл басынан бері әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандықүшжақтыкомиссиямүшелері 4 мәрте бас қосқан. Комиссия отырысында «Ақтөбемұнаймашкомплект» ЖШС, «AltynEx Company» АҚ, «М-ТехСервис» ЖШС, «Вернал Ойл Казахстан» ЖШС, «Кентавр» ЖШС, «Базальт-А» ЖШС, «СиликатА» ЖШС тағы басқа да аудан аймағында орналасқан мекеме басшыларымен кездесулер өткізіп, жұмысшыларға еңбекақыларын уақытылы төлеу және көтеру, әлеуметтік еңбек жанжалдарының және жұмысшылардың жұмыстан босатылуының алдын алу, еңбек ұжымдарында жайлы әлеуметтік ахуал орнату жөніндегі еңбек заңнамаларының орындалуы туралы мәселелер кеңінен қаралған. — Бүгінгі таңда ауданда 238 мекеме мен кәсіпорын, 389 кәсіпкер, 403 шаруа қожалықтары және 20 тұтыну кооперативтері жұмыс жасайды. Барлық мекеме ұжымдарында әлеуметтік ахуал тұрақты деуге толықтай негіз бар. Жыл басынан бері өткізілген отырыстар нәтижесінде «Ақтөбемұнаймашкомплект» ЖШС-де жұмысшылардың еңбекақысы — 20%, «AltynEx Company» АҚ-да — 15- 25 %, «М-ТехСервис» ЖШС-де — 15 %, «Силикат-А» ЖШС-де — 15%-ке көтерілді. Дегенмен бүгінгі күнге аудан бойынша 2 мекемеде жұмысшылардың еңбекақыларын төлемеу фактісі анықталып отыр. Атап айтсақ «Темір-Сервис» ЖШС-і 2020 жылдың қазан айынан 2021 жылдың сәуір айына дейін барлығы 75 жұмысшыға 126 729 014 мың теңге бережақ. Оның 13-і аудан тұрғындары. Ал екінші мекеме — 2012-2013 жылдары Жем қаласында жұмысжасаған «En-Gin Production» ЖШС-і. Сол жұмыс жасаған жылдарда Мұғалжар ауданының 23 тұрғынына 47 млн 600 мың теңге бережақ болған. Бүгінде жұмысшылардың еңбекақыларын алып беру мақсатында жұмыстар жүргізілуде, — деді комиссия хатшысы Камшат Құрманалина. Оның айтуынша, 2021 жылы аудан аумағында орналасқан 4 542 адамды жұмыспен қамтып отырған 131 мекеме және кәсіпорын басшыларымен, шаруа қожалықтарының иелерімен жұмысшыларды жұмыспен қамту және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, өндірістік үдерістерді тұрақтандыру мәселелері жөніндегі меморандумдар жасалған. Аталған жұмыс жалғасын табуда. Осы жылдың 28 маусымына дейін «Электрондық еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне 75 жұмыс берушілер тіркеліп, 868 жаңадан еңбек шарттары енгізіліп, жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны баяндалды.

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ 71 АДАМ ТҰР

Бүгінде бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан жандарды жұмыспен қамту — маңызды мәселелердің бірі. Ал оларды қоғамдық ортаға бағыттап, тұрақты жұмыс тауып беру — аудандық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін үшжақты комиссия мүшелерінің негізгі мақсаттарының бірі. Пробация қызметінің қызметкерлері санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алып, олардың мінез-құлқын түзеуге бағыттайтын, әлеуметтікқұқықтық сипатта қызмет түрлерін көрсетеді. Оныңмақсаты — күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу, сотталған адамды әлеуметке қосу, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады. Сондай-ақ жыл сайын мемлекет тарапынан бұрын сотты болған адамдарды тұрақты жұмыспен қамту үшін түрлі мекемелермен кәсіпорындарға квота бөлініп отырады.

— Біз үнемі түзеу орындарынан босап шыққан азаматтарды бақылауда ұстап отырамыз. Олардың қоғаммен тығыз қарымқатынас орнатып, қоршаған ортаға бейімделуіне көмек көрсетеміз. Мүмкіндігімізше қайтадан әкімшілік, қылмыстық құқықбұзушылық жасауларына жол бермеуге тырысамыз. 2019 жылы пробацияесебінде 76 адамтұрды. Оның 31-і көлік құқығын басқару құқығынан айырылған, 39-ы бас бостандығынан шектеу негізінде, 6-ауы шартты сынақ мерзімінде жүргендер. Оның 17-сі үлгілі тәртібімен пробация есебінен шығарылды. Ал 2020 жылы есепте 71 адам тұрды. Оның 63-і тұрақтыжұмысжасайды. Қалғандары қоғамдық ақылы жұмысқа тартылып, 11-і пробация есебінен алынып тасталды, — дейді Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің аға инспекторы Алмат Отаралинов.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 6 айы бойынша пробация есебінде 71 адамесепте тұр. Оның 7-уі шартты сынақ мерзімінде жүргендер, 47-нің бас бостандығы шектелген, 17-сі көлік құралын басқару құқығынан айырылғандар. Сонымен қатар аудандық пробация есебінде аса ауыр қылмыс жасап, істі болған азаматтар жоқ.

КВОТА БОЙЫНША 8 АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Еңбек — адамды тәрбиелейді. Сотты болып, пробация есебінде жүргендерді қоғамға қосудың басты тетігі — жұмыспен қамту. Еңбек етіп, қаржы тапқан адамның алға қойған мақсаты мығым, арманы айқын болатыны анық. Осы орайда, аудан аумағында пробация есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Назерке Тегисованың берген мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы аудан бойынша пробация есебінде тұрған 12 адамды мекемелер мен кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жоспары бекітілген. Бүгінгі таңда 8 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Ал қалған 4-еуін алдағы уақытта жұмысқа тұрғызу жоспарланып отыр.

— 2020 жылы Жұмыспен қамту орталығы бойынша пробация есебінде тұрған 16 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Негізі 13 адамды жұмыспен қамту жоспары бекітілген болатын. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2 азамат қайтарымсыз несиеге ие болып, өз кәсібін ашты. Ал ақылы қоғамдық жұмысқа 6 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 7 адам тартылды. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бастау-бизнес» бағдарламасымен 3 адам кәсіпкерлікті оқыса, қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға 2 адам жолданды. Ал 2021 жылы 2 азамат 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болды. 3 адам ақылы қоғамдық жұмыс жасап жүр. Бүгінгі таңда 1 адам жұмысқа орналасу үшін құжаттарын жинау үстінде. «Бизнесбастау» бағдарламасымен 6 адам кәсіпкерлік білім алды. Оның 3-еуі грант ұтып алса, қалғаны оқып жатыр. 2 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқыды, — деді Назерке Тегисова.

Назерке Ермекқызы пробация есебінде тұрғандар жұмыс жасаудан бас тартса, қолхат жазып беретінін айтады. Дегенмен оларды босап жатқан басқа жұмыс орындарына шақырып, жұмыссыз отыруларына жол бермей, грант ұтып алуларына, ақылы қоғамдық жұмыс жасауларына көмектесетінін жеткізді. Ал бөлінген квотаны орындамаған мекеме мен кәсіпорын басшылығының үстінен аудандық прокуратураға ұсыныс береді, олар оны Еңбек испекциясына жібереді. Айта кететін бір жайт, квота бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекақы кәсіпорын есебінен төленеді.

Нұрғаным ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

11254 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ САНАҚТАН ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЕМБІ ҚАЛАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН ОҚУШЫЛАР АНЫҚТАЛУДА

admin_mugalzhar

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.