«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Мұғалжар ауданы аумағында ескірген бағаналар мен электр желілерін ауыстыру жұмыстары қарқынды жүзеге асуда.

«Энергосистема» ЖШС-і Мұғалжар аудандық электр желісі мекемесі тарапынан бүгінгі таңда Жұрын мен Қаракөл ауылдарының аралығындағы бағаналар мен электр желілері 35 кВ әуе желісі инвестициялық бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұрын мен Қаракөл ауылдарының аралығындағы 88 бағана ауыстырылады. Бүгінгі таңда 48 бағана ауыстырылды. Сонымен қатар ұзындығы 32 шақырым болатын электр желісін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде бүгінгі күнге дейін 11 шақырым электр желісі ауыстырылды. Аудан тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл ретте «Энергосистема» ЖШС-і Мұғалжар электр желісі мекемесі аудандағы электр инфрақұрылымын жаңғыртуға, желілердің қуаттылығын арттыруға баса мән беріп отыр, — дейді Мирамбек Жүсіпов, Энергосистема ЖШС-і Мұғалжар электр желісі мекемесінің басшысы.

Аталған жұмыстарға 25 жұмысшы 13 техника жұмылдырылған. Алдағы уақытта Ащысай ауылдық округіндегі ескірген бағаналар мен электр желілерін ауыстыру жұмыстары жоспарлануда.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРДАН НҰР-СҰЛТАНҒА ЕТ ӨНІМДЕРІ ЖЕТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы ресми хабарланды

admin_mugalzhar

ЖУРНАЛИСТ-АРДАГЕРГЕ “ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ” АТАҒЫ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.