«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа қаулы: Міндетті вакцина мерзімі бекітілді

Еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы жария етті. Оған сәйкес, міндетті вакцина салдыру мерзімі бекітілді.

Бас санитариялық дәрігер міндетті вакцинаның бірінші компоненті 2021 жылдың 10 тамызына дейін, екінші компоненті 1 қыркүйекке дейін салынып бітуі керек екенін жазған. Құжатқа сәйкес, профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттелмейді.

«Коронавирусқа қарсы вакцинацияға тұрақты / уақытша медициналық қарсы көрсеткіштің болуы туралы анықтаманы жергілікті дәрігер (ол болмаған кезде фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін береді (қажет болған жағдайда). Бұл жағдайда диагноз пациенттің келісімімен көрсетіледі», — делінген жарлықта.

Қаулы бүгін, 15 шілдеде түн жарымда күшіне енді.

nur.kz

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда ҰБТ басталды: 100 мыңнан аса өтініш түскен

admin_mugalzhar

ҚЫС – 2024: ЖОЛ ТАЗАРТУ, ҚАР АРШУ һәм ТАЗАЛЫҚ

admin_mugalzhar

Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.