«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

COVID-19: БІР АПТАДА 71 ЖАҒДАЙ

2021 ЖЫЛДАН БАСТАП БҮГІНГІ КҮНГЕ ДЕЙІН МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША КОРОНАВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ 390 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ. ТІРКЕЛГЕН 390 ЖАҒДАЙДЫҢ, 179-Ы КЛИНИКАЛЫҚ СИМПТОМДАРЫ БАР, 211 АДАМ КЛИНИКАЛЫҚ СИМПТОМДАРЫ ЖОҚ НАУҚАСТАР. СОНЫҢ ІШІНДЕ 78,7% ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ.

Өткен аптада ауданда коронавирусты инфекцияның нақтыланған вирус сәйкестендірілген 71 жағдай тіркелген. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен 13 адам ауырып қалған. Өңірдегі эпидахуалдың қатаң бақылауда екенін айтқан ауданның санитариялық дәрігерлері індеттің бетін қайтару үшін аудан тұрғындарын жаппай вакцина алуға шақырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруыдың маңызды екенін жеткізді. Үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхаты негізінде үй карантинінде қоңырау шалу арқылы 216 адам (клиникалық белгілері жоқ коронавирусты инфекциямен-59 адам, жақын қарым-қатынаста болған тұлғалар -157) медициналық бақылауда.

Бүгінгі күнге дейін екпенің І кезеңін 9079 адам, ІІ кезеңін 4542 адам алды. Олар «QazCovid-in», «Спутник V» және «Hayat Vac» вакциналарын алып жатыр. Қазіргі уақытта ауруханада тек «Спутник V» вакцинасы бар. Екпені 18 жасқа толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер, вакциналау кезінде дене қызуы 37°С-тан жоғары болғандар, жіті инфекциялық және инфекциялық емес ауру деген диагноз қойылғандар, созылмалы аурулары және аллергиялық реакциялары барлар алмайды. Екпе алмас бұрын сауалнама жүргізіп, ерікті ақпараттандырылған келісім парағын толтыруды сұрайды және жадынама береді. Дәрігердің бақылауынан өтіп, қан қысымы, дене температурасы және т.б. қажетті нәрселер тексеріледі. Осының барлығынан кейін барып екпе салынады. Екпе алған адам 30 минут дәрігердің, содан кейін 3 күн учаскелік дәрігердің бақылауында болады.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда маусым айында 2%-тік ипотекаға өтінім қабылдау басталады

admin_mugalzhar

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС

admin_mugalzhar

ТЕМІРЖОЛШЫЛАРҒА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.