«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

25 шілде күні өткен Қайыңды ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы жарияланды. Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру нәтижесінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып Нұрболат Жоламанұлы Жалғас сайланды. Жаңадан сайланған округ әкімін ауыл тұрғындарына аудан әкімі Асқар Шериязданов таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Нұрболат Жалғас 1991 жылы Қайыңды ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте 8 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Осы қызметке сайланғанға дейін Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарды.

Аудан басшысы 4 жылдай Қайыңды ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Ғалым Дәрімбетовтың жұмысына алғысын білдіріп, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің Алғыс  хатын табыстады.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Дәрігер асқазан ауруларының алдын алатын 7 өнімді атады

admin_mugalzhar

Ақтөбеде тағы бір провизорлық госпиталь жабылды

admin_mugalzhar

Жазға арналған жайлы шаруашылық

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.