«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңбыр және аптап. Демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Синоптиктер 31 шілде — 2 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың айтуынша, тамыздың басынан бастап Иран аудандарынан елдің батыс жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Олар жауын-шашынсыз ауа райын орнатады және ауа температурасының 33-38 градус, кей жерлерде 43 градусқа дейін көтерілуіне себеп болады.

«Алайда республиканың қалған аумағында атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен жаңбыр жауады. 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел секундына 15-20 метр, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні секундына 25 метр құмды дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 градус жылыға дейін көтерілуі мүмкін, оңтүстікте 35-40 градус жылу сақталады», — делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

Мұң, ашу және реніш адам денсаулығына қалай әсер етеді?

admin_mugalzhar

АЯУЛЫМ — ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЛҒАШҚЫ ЧЕМПИОН

admin_mugalzhar

Ақтөбеде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.