«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Олимпиада-2020 жүлдегерлері Чиншанло мен Сонға көлік сыйға тартылады

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоны Toyota Camry жаңа автокөлігімен марапаттайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Федерация президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында спортшыларға көлік кілтін табыс етеді.

Сонымен қатар, спортшылардың жеке жаттықтырушысы мен ұлттық құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады, делінген Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Токиодағы Олимпиада ойындарында Игорь Сон 61 келіге дейінгі санатта қола жүлдені жеңіп алса, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі санатта үшінші орынды иеленді.

Спортшылар Қазақстанға оралып, оларды Алматы қаласының әуежайында қарсы алды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда ипотекалық несиенің сыйақы мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендетіледі

admin_mugalzhar

Нұрбол ИБРАЕВ, Қ.Жұбанов атындағы ЖББОМ-нің директоры, ақын: ЖЕРЛЕСТЕР АТЫНАН СӨЗ СӨЙЛЕДІМ

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАН АРМИЯСЫ ӘСКЕРИ КҮШІ ЖАҒЫНАН РЕЙТИНГТЕ ҚАЙ ОРЫНДА ТҰР?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.