«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СІЗДІҢ ДЕ КӘСІПКЕР БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

БІРДЕ КӨШЕДЕ ЕСКІТАНЫСЫМДЫ КЕЗДЕСТІРІП ҚАЛДЫМ. ӘҢГІМЕ БАРЫСЫНДА АЙЛЫҒЫНЫҢ ШАЙЛЫҚҚА ЖЕТПЕЙТІНІН, ҚАНДАЙДА БІР КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУ КЕРЕКТІГІН АЙТҚАН ОЛ: «ӨЗІҢЕ-ӨЗІҢ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНГЕ НЕ ЖЕТСІН!? БІРАҚ ҚАНДАЙ КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУҒА БОЛАТЫН БІЛМЕЙ ЖҮРМІН. ҚАРЖЫДА ҚОЛДЫ БАЙЛАЙДЫ. БІЗДІҢ ҚАЛАДА ҚАНДАЙ БИЗНЕС ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?» ДЕП СҰРАДЫ. НЕГІЗІ БҰЛ ОЙ МЕНІ ДЕ МАЗАЛАП ЖҮРГЕН ЕДІ. АУДАНДА ҚАНДАЙ КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУҒА БОЛАДЫ? БИЗНЕСТІҢ ҚЫРЫ МЕН СЫРЫН КІМНЕН ҮЙРЕНЕМІН? ТАБЫСТЫ КӘСІПКЕР БОЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?.. МҮМКІН БҰЛ СҰРАҚТАР СІЗДІДЕ ТОЛҒАНДЫРЫП ЖҮРГЕН БОЛАР. ЕНДЕШЕ, БҮГІНГІ МАҚАЛАМЫЗҒА ОСЫ СҰРАҚТАР АРҚАУ БОЛМАҚ. СОНЫМЕН…

АУДАНДА 3348 КӘСІПКЕР БАР

Аудан экономикасының негізін құраушы — шағын және орта кәсіпкерлік әлеуеті. Бүгінде бұл бағытты дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау барынша қолға алынып, жеңілдіктер де қарастырылған. Аудандық кірістер басқармасының берген мәліметі бойынша, ауданда жалпы саны 3348 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның 937-сі сауда-саттықпен, 375- і транспорттық тасымалдаумен, 98-і жылжымайтын мүлікті, 63-і көлік құралдарын жалға берумен, 46-сы желілік маркетингпен айналысады. Сонымен бірге шаштараз және әсемдік салондарының да саны артқан. Аудан бойынша олардың жалпы саны — 114. Құрылыс саласында 44 адам, денсаулық саласында 23 адам, білімсаласында 28 адам кәсібін дөңгелетіп отыр. 246 кәсіпкерауылшаруашылығын, 448 кәсіпкер шаруа қожалығын дамытуда. Кондитерлік өнім дайындап, наубайханашылықпен айналысатын 63 кәсіпкер бар. Өзге де қызмет көрсету саласында 863 адам елеулі еңбек етуде.

ИНОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАҒА — ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ

Елімізде кәсіпкерлікті жаппай дамыту мақсатында бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның бірі — Нәтижелі жұмыспенқамтудыжәнежаппайкәсіпкерліктідамытудың 2017-2021жылдарғаарналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Осы бағдарлама аясында жұмыс жасайтын Жұмыспен қамту орталығының маманы Назерке Тегисова осы бағдарлама арқылы көптеген жұмыссыз жүрген жандар өздерінөздері жұмыспен қамтып, бүгінде кәсіпкер атанғанын айтады.

-«Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты — жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша өткен жылы 103 адам грантқа ие болса, биылғы 7 айда 99 мұғалжарлық грант алды. 2020 жылы 77 адам қайтарымсыз несие алып, кәсіп бастаса, 2021-дің жарты жылында 11 адам несие алу арқылы жаңа істі қолға алды. Ал «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы өткен жылы 87 адам, биыл 102 адам оқыды. Мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар көп жағдайда елді мекенде тұрып, мал шаруашылығын дамытамын деушілерге беріледі. Ал қалалық жерлерде болашақ кәсіпкерлердің ұсынған жобасы ерекше болуы тиіс. Мысалы, өткен жылы эко қуыршақ жасайтын, ағаштан түрлі бұйымдар дайындайтын шеберлер, массаж, түрлі емдік терапия жасаушылар осындай көмек алды. Бизнес жоспары ерекше, болашақта табысты болатын жобаларды ұсынатын жастарға қайтарымсыз грант алуға мүмкіндік мол, — дейді Назерке Ермекқызы.

1 216 АДАМ КӘСІПКЕРЛІК БІЛІМ АЛДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырма негізінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылды. Аталған палата құрылғалы еліміздің кәсіпкерлік бағыттағы жұмысы жүйелене түсті. Кәсіпкерлер палатасы бизнестің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді мейлінше азайту жолында жүйелі жұмыстар атқарады. Палатаның Мұғалжар аудандық филиалының директоры Бернияз Длимов аталған орталық жанынан ашылған Бизнес-Бастау жобасы арқылы осы уақытқа дейін 1 216 мұғалжарлықтың кәсіпкерлік білім алғанын айтады.

-«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы кәсіпкерлерге қолдаумен қатар, консультациялық қызметтерді тегін көрсетеді. Атап айтатын болсам, бизнесті құру және жұмыс істеп тұрған бизнесті тиімді жүргізу, қаржылықжәнеқұқықтық, сыртқы нарықта бизнесті жүргізу бойынша кеңестер береді. Салық саласы бойынша да көмектесеміз. Сондай-ақ, кәсіпкерлерді шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен ақпараттандырамыз. Жас кәсіпкерлерге іскерлік негіздерін оқып, облыста немесе ауданда нақты бір жобаны жүзеге асыруға бағыт береміз. Осы тұрғыдан алғанда, кәсіпкерлерді қолдау орталықтары кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті әрбір азаматқа жан-жақты әрі сапалы қызмет көрсетуге дайынбыз, — дейді ол.

«Бастау-бизнес» жобасы арқылы оқыған болашақ кәсіпкерлерге оқығаны туралы сертификат беріледі. Аталған сертификаты барлар мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіп ашуға немесе дамытуға пайызы аз мөлшерде несие ала-алады. Кез келген кәсіп ашу үшін несие 5 жылға есептеледі. Ал мал шаруашылығы және ауылшаруашылық кооперативтерін құратындар несиені 7 жылға бөліп төлейді. Несие мөлшері кәсіпкердің тұрғылықты мекенжайына да байланысты. Мәселен ауылда немесе шағын қалада тұратын азаматтар ең көп дегенде 2,5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде несие ала алады. Қала және моно қалада кәсіп ашуға ниеттілерге 6 млн 500 мың теңге көлімінде несие беріледі.

АУДАНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БӘСЕКЕЛЕСТІК АЗ

Мыңдаған мұғалжарлыққа кәсіпті жүйелі жүргізудің қыр-сырын үйретіп, бағыт-бағдар беріп жүрген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Ақтоты Тасымбетова «Бастау бизнес» жобасы арқылы кәсіптік оқуға келгендердің көбісі алғашында сертификат алу үшін келетінін айтады. Алайда оқу барысында берілетін кеңестер мен өткізілгенсабақтарғақызығушылық танытып, кәсіпкер болуға деген ынта-жігерлерінің артатынын жеткізді.

— Оқу барысында біз болашақ кәсіпкерлерге үкімет тарапынан берілетін көмек, яғни мемлекеттік бағдарламалар мен оларға жасалатын жеңілдіктер туралы толық мағлұмат береміз. Сонымен қатар салық төлеу мен маркетинг жолдарын, жарнама жасауды, нарықты зерттеуді, бизнес жоспар құруды үйретеміз. Мен оқытқан адамдардың жоқ дегенде 30 пайызы кәсіпкер атанды десем қателеспеймін. Олар көп жағдайда мал шаруашылығын дамтуды қолға алады. Сонымен бірге бизнес идеясы керемет жастардың да қатары көп. Оның ішінде электронды ойыншық машина құрастырған, қолдан қуыршақ тіккен жастардың бары көңілге қуаныш сыйлайды, — дейді бизнес тренер. Оның айтуынша, аудан орталығы Қандыағаш қаласында жастар баратын жалпы тамақтану, сауда-саттық, қызмет көрсету салалары жақсы дамыған. Алайдамәдени, спорттық және сауықтыру демалыс орталықтары, соның ішінде кинотеатр, бассейн, жаттығу залдары жоқтың қасы. Сонымен бірге ауылшаруашылығының құс өсіру саласы кемшін тартып тұрған көрінеді.

— Біз маркетингтік талдау жасау барысында Мұғалжар ауданында құс шаруашылығының ақсап тұрғанына куә болдық. Тұрғындар тарапынан құс еті өнімдері мен жұмыртқасына сұраныс көп болғанымен, осы шаруашылықты дамытуға ниетті жандардың аз екенін байқауға болады. Егерде осы салаға бизнес жоспар жасайтын болса, табысты кәсіпке айналдыруға болады. Болашақ кәсіпкер жан-жақты болуы керек. Ұйымдастырушылық қабілеті мен қаржылық сауаттылығы да маңызды. Ең бастысы, ол шыдамды, еңбекқор болуы шарт, — дейді Ақтоты Дәулетбайқызы.

БАҒЫТТЫҢ АЙҚЫНДЫҒЫ — ТАБЫСТЫ КӘСІПТІҢ ЖОЛЫ

«Өз кәсібін сүю, өзін өзі қамшылау, күнделіктіалғаұмтылу, өзінеөзі сену, шыдамды да, еңбекқор болу». Бұл — ауданға белгілі кәсіпкер Ғалима Сұлтанқызының кәсібін дамытудағыбастыұраны. Ол тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі тоқырау кезеңінде отбасыныңқамыүшінұстаздық қызметті кәсіпкерлікке алмастырды. Тынымсыз еңбектің арқасында кәсіптен, нәсібін тапты. Бүгінде кәсіпкерліктің жілігін шағып, майын ішіп жүрген ол жастарға кәсіп ашу үшін бизнес идеяны толыққанды пісіріп алу керек деп кеңес береді. Сонымен бірге «көздеген бағытының да айқын болғаны жөн» дейді.

— Біздің ауданның кәсіпкерлік саласында қонақ үй жүйесі дамымай келеді. Алдағы уақытта сапалы қызмет көрсететін қонақ үй құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмын. Ол енді уақыт еншісінде. Ауданда мектептің де жетіспейтіні белгілі. Осы мәселені шешу үшін бірнеше кәсіпкер біріге отырып, мектеп салатын болса, халық үшін пайдалы іс болар еді. Сондай-ақ бұл табысты кәсіптің көзі болып табылады, — дейді Ғалима Еламанова.

Ауданға жиһаз жасау өндірісін алғашқы болып әкелген — Ғалым Айтымбетов. Ол бұл кәсіпті бастамас бұрын облыс орталығында жиһазжасауцехындажұмыстажүріп, тәжірибе жинақтады. 2007 жылдары «ЛУКОЙЛ» компаниясының жас кәсіпкерлерге арналған «Арай» бағдарламасы арқылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, жиһаз жасауға қажетті құрылғыларды сатып алады. Кәсібін ауданға қарасты Ақкемер ауылындағы шағын ғана үйінің ауласынан бастаған Ғалым бүгінде ауданның белді кәсіпкерлерінің бірі.

— Кәсіпкер болғысы келген адамның ең басты құралы — таудай талап. Сонымен бірге ізденісті де қажет етеді. Ерінбеу керек. Қазір жиһаз жасағысы келетін жастардың қатары көбейіп келеді. Мәселен біздің цехта екі студент жұмыс жасап жүр. Үйренемін деген ынталы жастарға көмек беруден қашпаймын, — дейді ол. Ал ауданда кенже қалған кәсіпті енді ғана қолға алған Бағлан Ғалымжан бизнеспен айналысу тұрақты тұрмыс пен бай-қуатты өмірге ұмтылудың үлкен баспалдағы екенін айтады. Ол «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бизнес бастау» жобасын оқып, мемлекеттік грант ұтып алған. Бүгінде шағын кинотеатр ашып, аудан халқына жайлы демалыс сыйлап жүр. Болашаққа құрған жоспары мен бағыты айқын Бағлан өзі секілді жастарға үкімет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес береді.

P.S. Бүгінде кәсіп ашып, нәсібін көрем деушілерге мемлекет тарапынан қолдау көп екенін айтып келеміз, айта да береміз. Ол үшін біріншіден, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлік ілімді тегін оқисыз. Екіншіден, сіз ұсынған жоба арнайы комиссия сүзгісінен сүрінбей өтсе, кәсібіңіздің алғашқы капиталына қаражатты мемлекет өзі береді. Кәсібіңізді дамытқыңыз келсе, пайызы аз мөлшерде несие де қарастырылған. Тек кәсіп ашуға деген ынтаңыз, қиындыққа мойымас қайратыңыз және жұмысқа деген жауапкершілігіңіз болса болғаны.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ТІЛСІЗ ЖАУ ҚАПЫДА ҚАЛДЫРМАСЫН!

admin_mugalzhar

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда жер телімдері жаңа әдіспен беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.