«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘКЕНІҢ БАЛАҒА БЕРЕР ҮЛКЕН СЫЙЫ – ЖАҚСЫ ТӘРБИЕ

ОСЫ ТАҚЫРЫП ТӨҢІРЕГІНДЕ РЕДАКЦИЯ ҰЖЫМЫ 7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІНЕ ОРАЙ, ОНЛАЙН ФОРМАТТА «МҰҒАЛЖАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫН» ҰЙЫМДАСТЫРДЫ. МАҚСАТ — ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕНІҢ РӨЛІН АСҚАҚТАТУ. КОНФЕРЕНЦИЯ БАРЫСЫНДА «ҚАЗІРГІ ТАҢДА ӘКЕНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ? БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ӘКЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ АРАЛАСАДЫ?» ДЕГЕН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ІЗДЕДІК…

Аманжол АДАЕВ, «Шапағат» жекеменшік ауруханасының бас дәрігері: ӘКЕГЕ ҚАРАП ҰЛ ӨСЕР

-Ата-бабаларымыз қазына толы байлығымен емес, өмірінің жалғасы болған ұрпағының көптігімен мақтанған. Әсіресе, ұл баланы ерекше бағалаған. «Ұл туғанға — күн туған» деп, ұлдың беделін асқақтата түскен. «Әке көрген оқ жонар» дей отырып, әкелер өзінің бар білетін өнерін ұлдарына үйретіп, оларды «сегіз қырлы, бір сырлы» етіп өсірген. Оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарысың, отбасының қамқоршысың» деген сөздерді құйып отырған. «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп намыстандыратын, «ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «ерлік білекте емес, жүректе» деп қанаттандыратын, «ақыл атадан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін. Қыздың тәрбиесінде ананың рөлі қандай жоғары болса, ұлдың тәрбиесінде әкенің орны әрине, бөлек. Үлгі алар әкеге бала адал дос ретінде қарайды, еліктейді, үлгі тұтады, өзінің әкесіне ұқсағанын қалайды. Әкесінің мінезқұлқына, ісіне қарап өседі.

Әке-шешесіне сеніп өскен бала әке-шеше бола алмайды. Бұрын бала сені асыраса, қазір сен балаңның баласын қоса асырайсың.

Ғалымдардың зерттеуінше, интернет заманында жастардың 70 пайызының жүйкесінде ауытқу бар. Олар өмір сүруге қабілетсіз, өнер мен ғылымға бейімсіз. Академик В.Бехтерев «баладағы жүйке ауруының алдын алу үшін бесік жырын тыңдату керек» десе, В.Леутин «бесік жырын тыңдау – мидағы нейрондардың дұрыс дамуына түрткі болады» деген. Ал америкалық ға-лым С.Гроф бесік жырының баланың психотерапевтік аурудан жазылуына бірден бір себеп бола алатынын ескерткен. 2001 жылы Ресейдің Тюмень қаласының ғалымдары ұзақ мерзімді тәжірибе жүргізеді. Олар жастары шамалас бірнеше сәбиді іріктеп алып, екі топқа бөліп бақылайды. Алғашқы топтағы балалар анасынан тұрақты түрде бесік жырын тыңдайды. Ал екінші топтағы сәбилер әртүрлі әуендер тыңдаған. Алты ай мерзімнен соң бөбектердің ми қыртыстарын тексергенде, әлди әнін тыңдамаған сәбилердің мінез-құлқында психологиялық ауытқулар күшейгенін көреді. Олар тез ашуланып, тез шаршаған, жалқаулыққа бейім болады, сабаққа ынтасы төмендеген. Ауру-сырқауға да тез шалдыққан. Ал бесік жырын үзбей тыңдаған сәбидің басында бірнеше артықшылықтар байқалған. Атап айтсақ, жүйке жүйесі қалыпты істеген, мейірімділік, қайырымдылық, сүйіспеншілік сияқты ізгі сезімдер қатар дамыған. Қиялдау қабілеті ұшқыр болып, мағыналы һәм мәнерлі сөйлеуді үйренген. Осыған орай айтарым, бала тәрбиесіне әкелік пайымдарды дарытпай, әйелдеріне ысыра салатындар бесік жырын естімегендер, «нағыз қазақ» еместер.

Сонымен қатар ұлдардың қыздарға тән қалыптасуы әкелердің бала тәрбиесінен шет қалғандарынан бөлек, мектепмұғалімдерінің дені ер адамдар емес, әйелдер болуы себепті деп ойлаймын. Бұл да үлкен рөл атқарады. Мысалы, біз мектепке соғыстан кейін барған балалармыз. Сол кездерде біздің ұстаздарымыздың 90 пайызы соғыстан оралғандар еді. Олардың киімдері пагондарын алып тастаған формалар болатын.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзаберген Малбақұлы «Қазақтық» салт-дәстүр туралы» деген еңбегінде XIV ғасырдағы Алтын ордадағы «қазақтық» туралы былай дейді: «Ш.Уәлихановтан, академик Ә.Марғұланнан білетініміз «қазақтық» құбылысәуелбастаер баланың ер жетуіне байланысты, яғни бозбаланың өз отбасын құру-ға даярлық салтынан бастау алады. Бозбалаөмір-дің, тіршіліктің қауіп-қатер қиыншылықтарынан, үлкен сынақтардан өтіп, өз бетінше өмір сүре алатындығын, отбасын асырай бөлетінін дәлелдеуі керек. Сол кездегі «қазақ» деген атаумен (қазақ ұлты дегенемес) жасұландарды, ел мен жерді қорғауды жас әскерлерді, шекара күзетіндегі әскери адамды атағанытарихтанбелгілі. Осыған орайбіржігіттіңкөңілтатырлық ісіне «міне, нағыз қазақ» дейтініміз бар. Мана жоғарыда «баласына дұрыс тәрбие бере алмай, шеткері қалған әкелерді «нағыз қазақ» емес» деуімнің себебі де осы еді. Сондықтан бала «нағыз қазақ» болуыүшіналдымен әке өз бойында осы қасиеттерді қалыптастыруы қажет.

Роман ТАСҚЫНБАЕВ, Ауған соғысының ардагері: ӘСКЕРГЕ БАРУ — ПАРЫЗ

-Баланың тәрбиелі болуы ата-анасына байланысты. Ал ер баланың ер азамат болып қалыптасуында әкенің орны ерекше. Ата-ана баласына кішкене кезінен «Сен өскенде Отанымызды қорғайсың, бізді қорғайсың, батыр боласың» деп айтып, үгіт-насихат жүргізіп отыруы керек. Осы сөзді естіп өскен жас бала патриот болып өседі. Біз бала кезімізде Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымызға қарап өстік. Олар біз үшін үлкен тұлға, батыр іспеттес еді. Көшеде көре қалсақ, жандарына жетіп барып, кеудесін жапқан медальдарды ұстап көріп, қызығушылық танытатынбыз. Сол кісілер секілді елімізді батыл қорғай білсек деп армандайтынбыз. Мен әскери борышымды Ауған жерінде өтедім. Ауған соғысына қатысып, басқа елдің жерін қорғап, интернационал жауынгер болдым. Бұл сол кездегі солақай саясаттың шешімі еді. Бізге бұйрықберілді, біз сонығана орындадық. Сол кездегі жас сарбаздар қайда барғанын да білмеді. Сол жақта қанша жасжауынгеропатболды. Ол жақта аман қалудың өзі – ғажайып. Сол ғажайыптың арқасында аман қалып, елге оралдық. Енді соғыс болмасын! Дегенмен біздің болашақ сарбаздарымыз бәріне де дайын болуы керек. Ол үшінмектептердепатриоттық тәрбиеге бағытталған сағаттар көп болғаны жөн. Мен Ауған соғысының ардагері ретінде білім беру мекемелерінде өтетін тәрбие сағаттарға үнемі қатысамын. Бар білгенімізді бөлісуге, жастарға рух беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеуге әрқашан да дайынбыз. Ата-аналар балаларын әскерге жіберулері керек деп есептеймін. Ұлдар әскерде шынығады, шыңдалады. Бүгінде ел бойынша әскерге барғандарға көптеген мүмкіндіктер мен жеңілдіктер жасалуда. Айталық, өздерін жақсы жағынан көрсеткен сарбаздар тегін оқу орындарына оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Гүлнар АЛҒАЗИНА, жалғызбасты ана: АНАЛАР ШЫДАМДЫ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

-Әкесіз бала тәрбиелеу әйел адамға өте қиын. Мен оны өзім басымнан өткізгесін айтып отырмын. Менің жолдасым ерте қайтыс болды. Ол кезде үлкенім 6 жаста, кішім 1,5 жаста болған еді. Қиын күндерді бастан кешірдім. Балаларымды тәрбиелеу жолында күндіз күлмей, түнде ұйықтамай өткізген күндерімартақалды. Ұлдарым жоғары білімдерін алды, өздерінің нақты орындарын тапты. Бүгінде балаларыма қарап, шүкіршілік етемін. Толық отбасында өскен бала мен толық емес отбасында өткен баланың айырмашылығы жер мен көктей. Асыраушысынан айырылған әйелге өте қиын. Бірақ, ана балаларының тәрбиесін бір сәтке де естен шығармауы керек. Бұл кезде анаға ер азаматқа тән мінезділік те, әйелге тән мейірімділік пен нәзіктік те қажет. Таразының басын тең ұстау – маңызды. Қоғамда түрлі оқиғалар болып жатыр. Бірініңжарықайтысболса, бірінің жолдасы тастап кетіп жатады. Әйел осындай сәтте қолынан келгенше жылы иық іздемеуі керек. Себебі бала үшін, оның ішінде ұлдарға анасын біреумен бөлісу өте қиын. Бұл енді қалыптасып кележатқан баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала ашушаң болып, түрлі тәртіпсіздік жасайтын болады. Ал оның арты қылмысқа апармайтынына кім кепіл?! Сол себепті әкесіз бала асырап отырған жалғызбасты аналар шыдамды болса екен деймін. Қиындықтар уақытша екенін айтқым келеді.

Эдуард ТӘЖІМҰЛЫ, Қандыағаш қаласының мамандандырылған балаларжасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері: СПОРТ — БАЛАНЫ ШЫҢДАЙДЫ

-Ер баланың үлкен азамат болып қалыптасуына спорттың қай түрі болмасын үлкен әсерін тигізеді. Ер баланы спортқа беру керек деп үнемі айтып жүремін. Олар спортқа бару арқылы тәртіпке үйренеді. Жалпы баланың тәрбиесінде маңызды рөл атқаратын үш фактор бар. Олар – атаана, ұстаз және қоршаған орта. Осы үштік үйлесімде жұмыс жасайтын болса, жаман бала болмайды. Әрине, баланың тәрбиесінде ата-ананың орыны ерекше. Бала үйінде көргенін жасайды. Бүгінде ата-аналардың көбісі баланың қажеттілігін орындау үшін ақшатабужолындажүр. Осы тұста баланың тәрбиесі шеттеп қалып, өз бетімен кетушіліктің белең алып бара жатқаны жасырын емес. Спорт саласында 1989 жылдан бері еңбек етіп келемін. Осы жылдар ішінде менің алдымнан сотқар да, есерде, жуаста балалар өтті. Ондай балаларды ата-аналары «Еті сенікі, сүйегіменікі. Адам қылып бер!» деп әкеліп, тапсырып кететін. Ондай балаларды қатаң қадағалауға алып, «қашан шықты, қайда барды, кіммен кездесті?» деген секілді күнделік арнап, бір жолға салып жіберген сәттерім көп болды. Жалпы, ер балаға қатты қарау керек. Бүгінгі жас ата-аналар ер баланы аяп, жұмсақ қарайды. Одан бала ынжық, жуас болып өседі. Әсіресе, ұлға әкенің қабағы қатты болуы қажет. Маған балаларын алып келген ата-аналармен алдын ала келісіп аламын. Себебі спортта салғырттыққажолберілмейді. Қажет кезде тәртіпке шақырамын. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген тәмсіл бекерге айтылмаған. Бүгінде мектептерде тәрбие беру әлсіреп бара жатқан секілді. Алғашқы әскери сабақтары да дұрыс өтпейтіндей көрінеді. Себебі балалардың бойынан жігерлілік, батылдық, шынайылық аз байқалады. Бұған мектептердегі ер мұғалімдердің де аз екені себеп шығар. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын.

Мен жаттықтырған балалардың ішінде түрлі дәрежеде чемпион болған спортшылар жетерлік. Дегенмен менің ұстанымым – чемпион дайындау емес, мықты азамат дайындау. Небір тентектер келіп, тәрбие алып, шыңдалды. Бүгінде олар үлгілі отбасының тірегі болып отыр. Әлі күнге дейін көрген жерде ата-аналары, өздері келіп алғыстарын жаудырып жүреді.

Анарбек ТАСҚАРИН, «Әкелер» клубының мүшесі, Ембі қаласы: ӘКЕ ҰЛЫН ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕГЕНІ ДҰРЫС

-«Әке көрген оқ жонар» деп қазақ халқы бекерге айтпаған. Бала көргенін істейді. Сол себепті әкелер, яғни балаларымызға үлгі болуымыз керек. Әке тәрбиелеген бала ер мінезді, жүректі болып өседі. Бұл — дәлелдеуді қажет етпейтін заңдылық. Мен үш ұлымды өзім тәрбиелеймін. Атаанамның, яғни ата-әжесінің тәрбиесіне бермедім. Себебі әр адам өз баласын өзі тәрбиелеуі керек. Ер баланың жасайтын тірлігін әкесі баланың кішкене кезінен бастап жасатып көрсеткені дұрыс. Мықты әке тәрбиелеген бала қоршаған ортаныңығынажығылмай, жат қылықжасамай, тәртіпті болып өсері сөзсіз. Ұлдың саналы болып өсуі әкенің берген тәрбиесі мен айтқан өсиетіне байланысты. Текті әкенің қанынан жаралған бала саналы, салиқалы, айбынды, айбарлы, асыл текті, ар-намысты болары анық. Балаңның ез емес, от болып жанғанын қалайтын әке өзін көрегенді етіп көрсетіп, адаспайтын, алыспайтын тура жолы көрсеткені абзал.

Рузия КЕНЖЕБАЕВА, мектеп психологі: АТА-АНА БАЛАҒА ЖАҚЫН БОЛУЫ КЕРЕК

-Отбасының ұйытқысы, берекесі, асыраушысы, тірегі, қамқоршысы — әке. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» деп халықайтқандай, әршаңырақта бала үшін әкенің орны ерекше. Бала әкесіне қарап бой түзейді. Әрине, әкесі әділ, ұстамды, өнегелі, тәрбиелі болса… Қазір қоғамда отбасының ажырасыпкетуіөтекөп. Әке мен ананың ажырасуы балағақаттыәсеретеді. Әкесі тастап кеткен балалар өмірде көп қиындықтарға кездесіп жатады. Әкенің тәрбиесі мен өнегесін көрмеген балалардың кейбірі ынжық, жалтақ болыпөседі. Алкейбірініңәкесіне деген іштей реніші мен өкпе-назы ұлғайып, соның салдарынан тентектік жасап, теріс әрекеттерін көрсетіп жүреді.

Әкесінің отбасынан кетіп қалғанына анасын кінәлап жүретін, ренжитін балалар да бар. Әкесіз өсіп жатқан балалар арасында жеткіншек жасқа жеткенде мінез құлықтары өзгеріп, өмірде өз орнын таппай жүретіндерідекездеседі. Кейбір отбасында әкелері қайтыс болса, ол балаларда әкеге деген сағыныш, өмірге деген реніш, басқа балалардың әкесіне деген қызға ныш болады да ол сезім теріс жолға түсуіне себеп болуы мүмкін.

Кейбір әкелер отбасында бар бола тұрса да, балаларының тәрбиесіне салғырт қарайды. Баланы еркімен бос жіберіп, бақылау жасамайды. Ақшатауып, отбасын асырап отырмын деген сөзбен шектеліп, бала тәрбиесін анасына ысырып тастағандар да өте көп кездеседі. Бұрын әкенің сөзі мен суық көзқарасының өзі ұл балаға қатты әсер етіп, «әкең кележатыр» дегенде, ығып, жинақталатын еді. Ал қазіргі балаларда бұл байқалмайды. Сондай-ақ ер балаларпсихологиясынанқызға тәнмінездердідекөругеболады . Бұл дегеніміз ер балалардың ауыр жұмыс жасамауынан, үй тірлігінен аспауынан қалыптасады. Ауыр жұмыс жасамаған баланың қо-лында күш, бойында қуат болмайды. Бүгінде балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жатқан дүниенің бірі – ұялы телефон. Оның ішінде пайдалы да, пайдасыз да ақпараттар көп. Ол балының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Мен күнделікті жұмысымда мінез-құлқы ауыр, тәртібі нашар балалармен көп сөйлесіп, жұмыс жасаймын. Олармен сөйлесу барысында жоғарыда айтқан түрлі отбасылық жайттарға куә болып жатамын. Сондай уақытта оларға барынша психологиялық көмек беруге, қолдауға тырысамын. Осы тұста аналар мен әкелер барынша балаларына жақын болса деймін. Біз балалармыздың айнасы екенімізді ұмытпайық!

Бақыт ӨТЕШОВА, Қандыағаш қалалық №1 ЖББОМ-нің директоры:

-Күн сәулесінің табиғаттағы маңыздылығы қаншалықтыжоғарыболса, отбасындағы тәрбие баланың дұрыс қалыптасуына соншалықты маңызды екені бәрімізгеақиқат. Дүниедегі мақсаттыңда, міндеттіңде ең үлкені — ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру. Соныңішіндеәке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен жүрегі жұмсақ аналар тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болады.

Қазіргі таңда қоғамдағы әке мен бала қатынасының қаншалықты дәрежеде екенін анықтай қою қиын деп ойлаймын. Себебі әрбір отбасында әкенің рөлі әрқалай. Бірақ өкінішке орай, қазіргі кезде көптеген әкелер тіршіліктің күйбеңімен аласұрып, жұмысбастылықтан арыла алмай, тек ақша тауып, отбасын асырау, материалдық жағдайын жасау қамымен жүр. Сол себепті кей отбасында бала тәрбиесімен анасы ғана айналысатыны қынжылтады. Бір дана «Біз мәпелеп, қиындықтан қорғап, ыстықсуығынаөзіміз түсіпжүріп, баламызға қастық жасап жатырмыз. Кейін есейгенде өмірге бейімі жоқ, шыңдалмаған бала қиындыққа тап болса, морт сынады» деген екен. Соны білген аталарымыз ұлдарды жастайынан ерлікке тәрбиелеген. Біз бұрын әкеміздің қасқабағын бағып өстік. Әке баласына қашанда сыншы. Ол кісінің бірауыз айтқан сынпікірі ұлымызды ұялтатын, қызымызды қызартатын. Қазір әйелтеңдігін төрге шығарамыз деп, керісінше, әкенің рөлін төмендетіп алдық. Қазіргі балалардың көз алдындағы «үлгілі әке» образы тек отбасын қаржыландырушы адам ретінде қалыптасып қалды.

«Әке – асқар тау ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын қазақ атамыз сыйғызабілген. Асқартаудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ болмайды. Ал «Ана» атты бұлақтың мейіріміне қанып өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен қарайды. Қазақта «Жақсы әкенің есімі баласына қырық жыл азық болады» деген тәмсіл бар. Отбасында бала үшін ананы да, әкені де ешкім алмастыра алмайтын орны бар. Абайша айтсақ, «Толық адам» концепциясы толық отбасынан шығады. Яғни, бауыр еті балаңыз болашақта «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жү-ректің» иесі болсын десеңіз, тәрбиеге бүгіннен бастап мән бергеніңіз абзал.

Медет ШАРИПОВ, аудандық білім бөлімінің әдiстемелiк кабинет меңгерушісі: МАҚСАТ — ӘКЕНІҢ БЕДЕЛІН АРТТЫРУ

Тәрбие — ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскенұрпақұлағаттыболмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенгеқұрмет, кішігеізет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тарапынан жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінен үш құндылыққа негізделген. Олар — арұят, талапжәнеұлттықмүдде. Бірінші кезекте тәрбие — ол әр отбасынан басталады.

Әр баланың қауіпсіздігі сол ата-ананың мейірімімен келеді. Міне, осы жағдайға тереңірек бойлай отырып, барлық білім беру мекемелерінде балабақша, мектептерде ата-аналармен жұмыс қарқынды іске асырылуда. Аудан бойынша барлықмектептерде ата-аналарды қолдау орталықтары ашылды. Бұл жерде саналы түрде әр әке, әрана, әрпедагогөзіосы қоғамда жалпы бала үшін не істей аламын, баланың тәрбиесіне қандай үлес қосамын деген сияқты үлкен мәселені сезінеді және сол жолда бірлесіпжұмыстар атқарады. Соның ішінде әке тәрбиесінің рөлін ерекше атап өтуге болады. Осы бағыттамектептерде «Ұлағат», «Тағылым», «Парасат», «Асқартау» сияқты әкелер клубтары жұмыс жасайды. Сонымен қатар «Азамат» , «Семсер», «Қайсар» «Айбын» деген ер балалар клубтары өз деңгейінде жұмыстарын жүргізуде.

«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» деп халқымыз бекер айтпаса керек. «Әке-асқартау», « Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» демекші, жарық дүние есігін ашып, ес білген сәттен бастап баланың нағыз қамқоршысы — әкесі. Бүгінгі ұрпақтың әлжуаз болып өсіп келе жатқанының бір себебі — әке беделінің төмендеуінен деуге болады. Сол себепті де білім ордаларында көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, әке тәрбиесіне басымдық беру қажет деп есептеймін. Бүгінгі таңда аудан бойынша білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде 2085 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде 285 педагог ер адамдар. Мектептерде ер мұғалімдердің көп болуы ер балалардың тәрбиесіне зор ықпалын тигізері анық.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — ТҮЛЕКТЕРДІ ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТУ

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов: Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.