«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САНАҚТЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ: 20529 НЫСАН, 68671 АДАМ

Маусым айында өткен Жалпыұлттық халық санағының шартты бірінші кезеңінде аудан бойынша жалпы саны 17 тіркеу учаскесі құрылды. Санақ жүргізуші сұхбатшылар тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларды аралап, тұрғындардың нақты сандарын анықтады. Бірінші кезең бойынша Мұғалжар ауданында барлығы 20529 объекті анықталып, 68671 адам саналған.

Санақтың негізгі 2-ші кезеңі 2021 жылдың қазан айында өтеді. Биылғы халық санағының өзгешелігі, санақ онлайн түрде болады. Тұрғындар 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн режимде sanaq.gov.kz сайтында санаққа қатыса алады. Жүйе 24 сағат бойы қолжетімді және санаққа қатысушы өздеріне ыңғайлы кез келген уақытты таңдай алады.

— Аудан бойынша жалпыұлттық халық санағының 2-ші кезеңін өткізуге дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Санақты аудандастыру жұмыстары, яғни ауданның картасын 76 учаскелерге бөліп, сұхбатшының аралайтын учаскесі нақтыланды. Осы жұмыстарды атқаруға 76 сұхбатшы (интервьюер) және 11 бақылаушы-нұсқаушы тартылатын болады. Қабылданатын сұхбатшылар мен бақылаушы-нұсқаушыларға келісім-шарт бойынша еңбекақы төленеді. Оларға қойылатын талап — жасы 18-ден асқан болуы керек. Сонымен бірге жауапкершілігі мол, бастамашыл, сенімді, планшет тілін меңгерген болуы да шарт. Олар халықпен дұрыс қарым-қатынас орнатып, құпиялылықты сақтай білулері маңызды. Ең бастысы, коронавирусқа қарсы екпе алынған вакцина паспорты болуы міндетті. Ұлттық халық санағы — өте ауқымды, үлкен жауапкершілікті талап ететін жалпы мемлекеттік шара. Сондықтан аудан тұрғындарынан санақ жұмысына жауапкершілікпен қарап, түсіністік білдірулерін сұраймын, — деді аудандық статистика басқармасының басшысы Анар Шымқаева.

Ал сұхбатшының өз есеп учаскесіндегі барлық халықты есепке алуға, сондай-ақ санақ парақтарының сұрақтарына респонденттерден толық және анық жауаптарды алуға, планшетке енгізуге міндетті. Сұхбатшының қолында куәлігі мен халық санағының логотипі белгіленген сөмке және мойыншалғысы болады.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

«ВЕСЕЛЫЕ СТАРТЫ» ФИНАНСИСТОВ

admin_mugalzhar

Тоқаев: Президенттің жақын туыстарының биліктегі лауазымдарға тағайындалуына тыйым салынады

admin_mugalzhar

ЖОСПАРДА БАР ЖҮЙЕЛІ ІСТЕР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.