«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Аудандық ардагерлер кеңесі Жеңістің 76 жылдығына орай ауданның дамуы жолында елеулі еңбек етіп, бүгінде 80-нің сеңгіріне шыққан ардагерлерді шақырып, құрмет көрсетті.

Ардагерлер ардақталған шарада мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек еткен Амангелді Шунимовке, темір жол желілік полиция бөлімінің ардагері Амангелді Қонаевқа, ардагер Асылбек Тұрабаевқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құрал Байсұлтанов жылы лебізін жеткізіп, иықтарына шапан жауып, естелік сыйлықтары мен Алғыс хат табыстады. Шараға қатысқан «Шапағат» ауруханасының бас дәрігері  А.Адаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Бұхарбаев, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Әміржанов, «Дюбет» шахмат клубының жетекшісі Ж.Ізбасаров, «Қазына» көркемөнерпаздар тобының жетекшісі Н.Темірбаевалар өмірі өнеге ардагерлерді туған күндерімен құттықтап, ыстық ықыластарын жеткізді.

Ә. ӨМІРТАЕВ

Ұқсас ақпараттар

Трамп: Егер Қытай індеттің тарауына саналы түрде жол берген болса, салдарын тартады

admin_mugalzhar

Қандыағашта теміржол вокзалы жөнделіп жатыр  

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar