«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА 27 524 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

БҮГІНДЕ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА. АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН 35 000 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЕКПЕ САЛДЫРУЫ ҚАЖЕТ БОЛСА, ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН АУДАН БОЙЫНША ЖАЛПЫ САНЫ 27 524 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРҒАН. ОНЫҢ 19 772-СІ ЕКПЕНІҢ ЕКІ КОМПОНЕНТІН АЛҒАН.

Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Бұхарбаев жергілікті халықты коронавирусқа қарсы екпемен қамтамасыз ету жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын айтып, вакцина тасымалдауға арналған заманауи 4 рефрижератор, 10 термобокс, сонымен қатар, 2 мұздатқыш сатылып алынғанын жеткізді.

— Облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімі бойынша Ембі аумағында ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 11 150 адам екпе салдыруы қажет. Бүгінде жоспар 96,7 пайызға орындалды. 10 787 ембілікке вакцинаның бірінші компоненті жасалды. Оның ішінде Спутник V вакцинасының 9000 дозасы, Hayat-Vax — 1100 доза, QazCovid-in — 217 доза, КоронаВак — 430 доза, Синофарм екпесінің 40 дозасы салынды. Ал екпенің екінші компонентін 8179 адам алды. Қалған дозалары жоспар бойынша салынатын болады, — деді ол.

Ал Мұғалжар аудандық ауруханасы бойынша жалпы саны 14 904 адам екпе салдырған. Екпенің екінші этабын 10101 адам толығымен алған. Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігердің орынбасары Айбек Сүгіров бекітілген жоспар бойынша 18 720 адам екпе салдыруы қажет екенін, бүгінде Hayat-Vax екпесінің аналогы болып табылатын Синофарм вакцинасы салынып жатқанын мәлімдеді.

Жекеменшік «Шапағат» ауруханасы бойынша 3325 адам екпе салдырған. Аурухананың бас дәрігері Аманжол Адаевтың айтуынша, екпе алғандардың 61-і медициналық қызметкер, 296-сы мұғалім, 6-уы учаскелік полицей, 73-і студент, 23-і күзет қызметкері, 1186-сы түрлі созылмалы ауруға шалдыққандар, 24-і мемлекеттік қызметкер, 423-і вахталық қызметте жұмыс жасайтындар. Сонымен бірге Жұмыспен қамту орталығының 10 қызметкері, теміржол саласының 829, өндіріс саласының 819 жұмысшысы, тағамтану саласының 75 маманы, сауда-саттық саласының 80 адамы және өзге де 1627 адам екпені ерікті түрде салдырған.

— Бүгінгі таңда Шапағат ауруханасы бойынша екпе жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Екпенің бірінші компонентін 1833 адам, екінші компонентін 1492 адам салдырды. Екпе алу арқылы адамдар өздерінің және жақындарының амандығын қамтамасыз етеді. Жаппай вакциналау — халықты індеттен аман алып қалатын оңды шешім. Аудан тұрғындарын ерікті түрде екпе алуға шақырамын, — деді бас дәрігер Аманжол Шүнгүлұлы.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

«МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНУДА

admin_mugalzhar

Қазақстандағы «қызыл» аймақ туралы мәлімет жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.