«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда карантин жеңілдеді: 28 тамыздан бастап не өзгереді?

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдады:

1. Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап рұқсат беріледі:

ASHYQ жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, ASHYQ жобасының көшбасшылары — ASHYQ қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін;

сенбі күні — қоғамдық көлік қызметіне.

2. Биылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері:

ASHYQ жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, ASHYQ жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.

Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін а. ж. 4 қыркүйегінен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері а. ж. 6 қыркүйегінен бастап енгізу жоспарланды.

Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін мынадай тапсырма берді:

  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
  • санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
  • педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында «ASHYQ» жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
  • мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.

ВАК отырысында премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырмалар берді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

admin_mugalzhar

«ЖЕМ ЖЫЛУ» ДАЙЫНДЫҚТЫ БАСТАП КЕТТІ

admin_mugalzhar

КӨКТЕМГІ ДЕНСАУЛЫҚ МАРАФОНЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.