«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Экология министрі қазақстандықтарды сенбілікке қатысуға шақырды

Жыл сайын 19 қыркүйекте бүкіл әлемде «World cleanup Day» акциясы өтеді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев twitter парақшасында жазды. «Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр шара 169 елдің азаматтарын біріктірді. Қазақстандықтарды сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырамын. Ел бойынша еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады. Өз аулаңызды, айналаңыздағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы акцияға сіз де үлес қоса аласыз», — деп жазды министр.

Ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ — БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

Елімізде жұмысынан шығып қалған 82 мың адам жәрдемақы алды

admin_mugalzhar

Әліппе 2021 жылы енгізіледі

admin_mugalzhar