«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қымыз, шұбат және түйе еті: әскерилердің ас мәзірі өзгереді

Қорғаныс министрлігінде алдағы уақытта Қарулы күштерге әскерге шақырылатындар санын кезең-кезеңмен ұлғайтуды жоспарлап отыр

 Қазақстан армиясында әскери қызметшілерді тамақтандыру кезінде ұлттық асхана ерекшеліктері ескеріледі. Бұл туралы ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бағыт аға офицері Руслан Тапашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол әскерилердің тамақтануын одан әрі жақсарту бағытында Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп, азық-түлік нормаларын жетілдіру жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Әскери қызметшілердің ас мәзірін дайындау барысында ұлттық асхананың ерекшелігі ескерілген.

«Әскери қызметшілердің тамақтану рационына жылқы, қой, түйе, үйрек, қаз етін және балық түрлерін қосымша қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ құрт, қымыз, шұбат секілді дәстүрлі тағамдарды да болады. Тамақ ассортиментін жақсартамыз», — деді Тапашев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетері, бірінші қыркүйектен бастап 18 бен 27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық адам Қарулы күштер қатарын толықтырады. Әскерге шақырылатындар екі рет – әскерге шақыру жиын пунктінде және әскери бөлімге келген кезде ПТР тест тапсырады.

Қорғаныс министрлігінде алдағы уақытта Қарулы күштерге әскерге шақырылатындар санын кезең-кезеңмен ұлғайтуды жоспарлап отыр.

sputnik.kz

Ұқсас ақпараттар

Ербол Данағұлов жаңа қызметке тағайындалды

admin_mugalzhar

Латын әліпбиі – заман талабы

admin_mugalzhar

Билл Гейтс айтқан 7 өзгеріс

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.