«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

29 тамыз Жамбыл облысындағы жарылыстарға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жамбыл облысының Байзақ ауданында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер мен құтқарушылар шынайы ерлік пен қайсарлық танытты. Олар халықтың жадында мәңгі қалады», — деп жазды Тоқаев.
Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан белгісіз заттардың жарылыстары орын алды. Барлығы 10-ға жуық жарылыс болды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда күнбағыс майы бір жылда 80 пайызға дейін қымбаттаған

admin_mugalzhar

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісім жасады

admin_mugalzhar

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar