«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе — Нүкіс әуерейсі қашан іске қосылатыны белгілі болды

Нүкіс пен Ақтөбе арасындағы тұрақты рейстер 31 тамыздан бастап іске қосылады, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Uzbekistan Airways АҚ Telegram-каналына сілтеме жасап.

Хабарламада Нүкістен Ақтөбеге және кейін қайту рейстері сейсенбіде және бейсенбіде жүзеге асатыны айтылған. Нүкіс — Ақтөбе рейсіне әуебилет құны 1 048 000 сум (42 000 теңге), ал Нүкіс — Ақтөбе — Нүкіс билетінің бағасы 1 810 000 сумнан (72 500 теңге) басталады.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті осыған дейін таратқан мәліметке сәйкес, жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда — экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Рейстерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес екі елдің әуе компаниялары орындайтын болады.

Қазақстан тарапынан рейстерді SCAT әуекомпаниясы биыл 21 тамыздан бастап орындап жатыр.

«Осылайша қазіргі уақытта рейстер саны артып, қазіргі уақытта екі ел арасында аптасына келесі бағыттар бойынша 32 тұрақты рейстер орындалады:

Нұр-Сұлтан – Ташкент: 6 рейс;

Алматы – Ташкент: 14 рейс;

Алматы – Самарқанд: 4 рейс;

Түркістан – Ташкент: 2 рейс;

Ақтау – Үргеніш: 4 рейс;

Ақтау – Нүкіс: 2 рейс;

Ақтөбе – Нүкңс: 4 рейс», — делінген ААК хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар

ЕРТЕҢГІ ӘДЕМІ КҮЛКІ — БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы мен Оңтүстік Корея инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

admin_mugalzhar

«Самара-Шымкент» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.