«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бүгін – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні

Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 9 тараудан, 98 баптан тұратын Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданып, 5 қыркүйекте өз күшіне енді. Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 26 жыл толды.

Конституция — мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.
Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді.
Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 жылы желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Конституциясы қабылданды. Елдің басты құжатында Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетілген, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады.

Конституция құрылымы келесідей:

  • I бөлім. Жалпы ережелер
  • II бөлім. Адам және азамат
  • III бөлім. Президент
  • IV бөлім. Парламент
  • V бөлім. Үкімет
  • VI бөлім. Конституциялық кеңес
  • VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
  • VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
  • IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Конституцияны әзірлеу және қабылдау Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу жолындағы шешуші сәттердің бірі болды.
Біздің Негізгі Заңымызда табысты даму үшін де, Ұлттың өзді-өзінен жаңаруы үшін де барлық құқықтық құралдар бар. Біз алдымызға жаһандық мақсат – ғасырдың ортасына қарай, 2050 жылға дейінгі кезеңге әзірленген стратегиялық бағдарлама негізінде Қазақстанды әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің біріне айналдыру мақсатын қойдық, – деді Елбасы Н.Ә. Назарбаев.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

ВСЕ ЛУЧШЕЕ — ДЕТЯМ

admin_mugalzhar

7999 теңге: Бір айдан соң Нұр-Сұлтан мен Ақтөбе арасында FlyArystan ұшады

admin_mugalzhar

ЗАҢҒА БАҒЫНАЙЫҚ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.