«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

“Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстанның Конституция күнімен құттықтаймын! Конституция — Тәуелсіздігіміздің сенімді кепілі. Негізгі Заң біздің мемлекеттің демократия мен заңдылық қағидаттарын ұстануын құқықтық және саяси тұрғыдан растайды, елдің ұзақ мерзімді даму бағытын анықтайды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен және тікелей қатысуымен әзірленген Конституция-біздің әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктеріміздің, қоғамдық өмірдің барлық саласында жүргізілген ауқымды реформалардың берік негізі. Прогрессивті конституциялық нормалар экономикалық дағдарыстарды табысты жеңуге және сенімді түрде алға жылжуға көмектеседі.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін мызғымас құндылықтарға сүйене отырып, біз әділетті мемлекет құрамыз. Біздің басты мақсатымыз-адамдардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту. Негізгі Заң ұлттың бірлігін, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмауды, кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салуды растайтын қуатты біріктіруші фактор ретінде әрекет етеді.
Бұл негізгі шарттар ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді — біздің баға жетпес байлығымыз. Әр әрпіне Тәуелсіздік рухы сіңген Конституцияны құрметтеу халқымыздың патриотизмінің негізінде жатыр. Барлық отандастарға мықты денсаулық, бақ-береке және амандық тілеймін!

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде ІТ-парк ашылып, креативті индустрияны дамыту жұмыстары күшейтілмек

admin_mugalzhar

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясын шақыру туралы

admin_mugalzhar

Куандык Мукашев: Чтобы вовремя выявить рак, нужно ежегодно обследоваться

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.