«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республиканың көп бөлігінде фронталь бөліктер әсерінен жаңбыр жауады: солтүстікте нөсер болады деп болжанған. Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

«8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 градус, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 градус, шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 градус жылы болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 градус жылы болады деп болжанған», — делінген хабарлмада.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

КІТАПХАНАДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атанды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.