«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАҚСАТ: БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ТОПТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ЖЫЛ САЙЫН ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ТОПТАР ҮШІН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ КВОТАСЫ БЕКІТІЛЕДІ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ТОПТАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР, БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАР, АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖЕТІМ БАЛАЛАР ЖӘНЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР КІРЕДІ.

Квота белгілеу туралы Ережеге сәйкес мекемедегі жұмыскерлердің санына байланысты 2-ден 4 пайызға дейінгі мөлшерде квота белгіленіледі. Атап айтсақ, 100 адамға дейін жұмыскері бар мекемеге-2%, 101-250-ге дейінгі адам саны бар мекемеге-3%, 250-ден жоғары адам саны бар мекемеге-4 %. Бұл жерде ауыр, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындары есепке алынбайды. Сонымен бірге жұмыс берушілердің экономикалық жағдайы да ескеріледі. Яғни, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайлар.

Тиісті Ереже талаптары сақтала отырылып, 2020 жылдың 24 желтоқсанында аталмыш топ өкілдерін жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарын квоталау бойынша аудан әкімдігінің қаулылары қабылданды. Жоғарыда атал-ған Ережеге сәйкес, квота белгіленілген мекемелер квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 ай ішінде азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін босаған жұмыс орындарын ұсынуға тиісті. Бұл жерде бос жұмыс орындарына мекеме орналасқан елді мекен тұрғындары ғана жолданады.

Бәсекеге қабілетсіз топтар үшін бекітілген квотаны тарқата айтсақ, мәселен, пробация қызметі есебінде тұрған 12 азамат 9 мекемеге бос жұмыс орындарына квота бойынша жұмысқа орналастырылуы қажет. Ол мекемелердің қатарында «Базальт-А», «Силикат-А» мекемелері, «Коммуналшы» КМК-ы, «Көктас» АҚ-ы, «Кентавр» мекемесі, «АқтөбеМұнайМашКомплект» ЖШС-і, «AltynEx Company», «Ембіжылу» КМК-ы, «Вернал Ойл Қазақстан» ЖШС-і бар. Бүгінгі таңға пробация қызметі есебінде тұрған 8 адам жоғарыда аталған мекемелердің бесеуіне орналастырылды.

Ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 6 адам 5 мекемеге — «Көктас» АҚ-ы және «АқтөбеМұнайМашКомплект», «Вернал Ойл Қазақстан», «Силикат-А», «Кентавр» ЖШС-теріндегі бос жұмыс орындарына квота бойынша жұмысқа орналастырылуы қажет.

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы 9 адам 7 мекеме бос жұмыс орындарына квота бойынша орналастырылуы қажет болса, олардың қазіргі таңға 1-уі жұмысқа орналастырылды. Ал қамқөңіл жастарды жұмысқа алуға тиіс мекемелерді атап өтсек, олар — «АқтөбеМұнайМашКомплект», «Базальт-А», «Силикат-А» ЖШС-тері, Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Ембіжылу» мекемесі, Мұғалжар аудандық ауруханасы, Мұғалжар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы.

Бәсекеге қабілетсіз топтың келесісі — мүмкіндігі шектеулі жандар. Жұмыспен қамту орталығының жоспары бойынша олардың 31-і 20 мекемеге жұмысқа орналастырылуы керек. Қазіргі таңда 6 адам 6 мекеменің жұмысшысы атанды. Мүгедектерді жұмыспен қамтиды деп жоспарланған мекемелер ішінде «АқтөбеМұнайМашКомплект» ЖШС-і, «Көктас» АҚ-ы, «AltynEx Company», «Силикат-А» ЖШС-і, Мұғалжар аудандық ауруханасы», Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Ембіжылу» КМК-ы, «Вернал Ойл Қазақстан» ЖШС-і, «Кентавр» ЖШС-і, Мұғалжар

аудандық білім бөлімі, «Шапағат» ауруханасы, Ембі аудандық ауруханасы, «Коммуналшы» КМК-ы, «Күншуақ», «Қарлығаш», «Самал» бөбекжай-бақшалары, Ембі қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебі, Мұғалжар аудандық ветеринариялық стансасы, Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебі және Мұғалжар аудандық мәдениет үйі бар.

Сонымен қатар орталық мамандарының айтуынша, қыр-күйек айында 2021 жылға «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау» бағдарламасы бойынша Мұғалжар ауданына 1 адамға 346,0 мың теңге қаражат бөлінген және есту қабілеті бұзылған мүгедекке арналған 1 жұмыс орны құрылған.

P.S. ЖОҒАРЫДА АТАЛЫП ӨТКЕН ТОПТАР ҚАТАРЫНА КІРУШІ ЖҰМЫССЫЗ МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНА 7-24-58 ТЕЛЕФОН НӨМІРІ АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАСА АЛАТЫНЫН ЕСКЕ САЛАМЫЗ.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда бензин мен дизель отыны қымбаттады. Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar

Лекарства для лечения COVID-19 и пневмонии выдают бесплатно

admin_mugalzhar

ӨТКЕН АПТАДА 42 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.