«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

176 НЫСАН «ASHYQ» ЖОБАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Бүгінде аудан аумағындағы кәсіпкерлер «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы карантинге қарамастан жұмыстарын жалғастырып келеді. Сонымен бірге аудандық білім бөліміне қарасты білім ошақтарының барлығы да аталған қосымшамен жұмыс жасайды.

Ауданның санитариялық мамандары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 Қаулысына сәйкес объектілерге «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылып жатқанын айтады. Бүгінгі таңда ауданда «Ashyq» мобильді қосымшасын жалпы саны 176 нысан орнатқан. Оның ішінде орта мектептер және бөбекжай-бақшалар, тамақтану орындары, ойын-сауық және сауда орталықтары, сұлулық салондары мен шаштараздар, косметологиялық қызметтер көрсету салондары, әлеуметтік маңызы бар түрлі нысандар бар.

— 2021 жылдың 28 тамызынан бастап, «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері демалыс күндері сағат 00.00-ге дейін жұмыс жасайды. Ал «Ashyq» жобасын тұрақты пайдаланатын, келушілерді қосымша арқылы кіргізетін көшбасшылары сағат 02.00-ге дейін жұмыс жасай алады. Олардың қызметкерлер мен келушілері «жасыл мәртебе» болған жағдайда, айталық вакцина алған, 7 күндік ПТР тесттің теріс нәтижесі бар, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар болуы тиіс, — деді Мұғалжар аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау бас-қармасының бөлім басшысы Радина Иржанова.

Аудандық білім бөлімі мамандарының мәліметі бойынша, 24 орта, 11 негізгі мектеп, 21 бөбекжай-бақшасы және 5 қосымша білім беру ұйымдарында «Ashyq» жобасы орнатылған.

— Бүгінде білім ошақтарында жұмыс жасайтын педагогтер мен мектеп қызметкерлері, сырттан келуші ата-аналар «Ashyq» қосымшасы арқылы арнайы QR-код енгізу арқылы мектеп ішіне кіре алады. Ал оқушыларға міндетті емес. Бұл туралы аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелері мен бөбекжай-бақшалары өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады, — деді білім бөлімінің басшысы Ғайни Нұрсұлтанова.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жаңа салық кодексі енгізіледі

admin_mugalzhar

20-22 шілде – Құрбан айт мерекесі – құрбан шалу тәртібі қандай?

admin_mugalzhar

АРДАГЕР ҰСТАЗ «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.