«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бет күтімі кезінде жіберілетін бес қателік

Who What Wear журналының сұлулық бөлімінің редакторы Шеннон Лоулор арулардың бет күтімі процедурасында жиі жол берілетін негізгі бес қатені атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ең алдымен, Шеннон Лоулор оқырмандарына күннен қорғайтын кремді елемеуге болмайтындығын айтады. Оның айтуынша, SPF өнімдері күндіз де, бұлтты ауа-райында да күнделікті қолданылуы тиіс екен. Сарапшы ультракүлгін сәулелердің тері қатерлі ісігінің даму қаупін арттыратынын, сонымен қатар терінің құрылымын бұзатынын және ерте қартаюға соқтыратынын айтады.

Қышқыл өнімдермен жиі беттің сыртқы қабатын тазаламау керек. Мұндай косметиканы күнделікті қолдану эпидермистің табиғи қорғаныс тосқауылына теріс әсер етуі мүмкін, бұл шамадан тыс құрғақтық пен терінің қабынуына әкеліп соғады.

Лоулор атаған тағы бір қателік — бетті макияждан тазартудың бір сатылы жүйесі. Ол теріні кірден толық тазарту үшін тек бір ғана өнім жеткіліксіз екенін айтты. Осылайша, алдымен косметиканы мицеллярлық сумен шайып алу керек, сосын теріні терең тазарту үшін арнайы гельмен немесе көбікпен жуу керек.

Сонымен қатар, сарапшы тығыз ылғалдандырғыш кремдерді күніне екі рет қолданбауға кеңес береді.

Бірнеше жылдар бойы мен терімнің майлы болуы судың жетпеуінен деп ойладым. Сондықтан ұзақ уақыт күнде таңертең және кешке майлы кремдерді жағатынмын. Алайда, аталған кермдерді жағуды қалай кілт тоқтаттым, бетім жарқырап, қабыну мөлшері күрт төмендеді. Енді мен мұндай кремдерді қажет болған кезде ғана қолданамын, — деп бөлісті ол өз ойымен.

Сонымен қатар Лоулор безеуді өздігінен сығуға болмайтынын атап өтті. Терідегі безеуді дұрыс сықпау — сауығу процесін баяулатып, теріде тыртықтардың пайда болуына түрткі болуы мүмкін. Безеуге кептіргіш-гель жағып, шыдамдылық таныту керек, ол бірнеше күн ішінде өздігінен кетуі керек, — дейді ол.

Жайна Тәттімбетова

Ұқсас ақпараттар

Үкімет комиссиясы Қордайда қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды

admin_mugalzhar

Қазақтың Төлегені дүниеден озды

admin_mugalzhar

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы: Ұлы даланың жеті қыры

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.