«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Күн салқындап, жаңбыр жауады. 14-16 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

Синоптиктер 14-16 қыркүйектегі ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Республикамыздың солтүстік аймақтарында әлі де салқын және әрі құбылмалы ауа-райы сақталады, жаңбыр жауады. Бұған солтүстік-батыс циклонның ойысып жетуімен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді. Еліміздің қалған аумағында болса, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады деп болжанады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +3-15 градус, күндіз +20-28-ден +15-20 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте түнде сынап бағаны +2-13 градус, 14 қыркүйекте -2 градус үсік жүреді, күндіз +15-25 градус, орталықта және шығыста 12 градус, түнде -3 градус үсік жүреді, күндіз +13-23-тен +20-28 градусқа дейін сынап бағаны көтеріледі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +10-18 градус, күндіз +23-30 градус жылы болады, делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар

Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді

admin_mugalzhar

«МЕН-ӘЛИЯМЫН!» ФОРУМЫНА МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ТӨРТ ӘЛИЯ ҚАТЫСТЫ

admin_mugalzhar

ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ ҚАҚТЫҒЫСЫ ЖӘНЕ МҰҒАЛЖАРЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ЖАЙЫНДА

admin_mugalzhar