«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРДАН НҰР-СҰЛТАНҒА ЕТ ӨНІМДЕРІ ЖЕТКІЗІЛДІ

Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге Мұғалжар ауданынан ет өнімдері жеткізілді.

Ембі қаласынан, Ақкемер, Ащысай, Батпақкөл, Еңбек, Егіндібұлақ, Жұрын, Талдысай, Құмжарған, Қ.Жұбанов, Мұғалжар ауылдық округтерінің шаруалары 8 бас ірі қара, 3 бас жылқы, 4 бас қой еттерін апарып, нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылды.

— Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін жәрмеңке жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Біздің ауданнан барған шаруалар сиыр етін 2000 теңгеге, жылқы етін 2200 теңгеге, қой етін 1800 теңгеге өткізді. Астаналықтар арзан бағаға сатылған табиғи таза ет өнімдеріне ризалықтарын білдіріп, сатып алды, — деді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Азамат Жиенбай.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 665 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады

admin_mugalzhar

Қазақстанда қай мамандықтарды бітіргендер ең жоғары жалақы алады

admin_mugalzhar

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ ТУДЫРМАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar