«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕГЕМЕН ЕЛМЕН ЕСЕЙГЕН ҰСТАЗДАР

БҮГІНГІ МЕРЕКЕЛІК НӨМІРІМІЗДІҢ КЕЗЕКТІ КЕЙІПКЕРЛЕРІ – ЕЛІМІЗ ЕГЕМЕНДІК АЛҒАН ЖЫЛДАРЫ ЕҢБЕК ЖОЛЫН БАСТАҒАН МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰСТАЗДАР. МАМАНДЫҚТАРЫН ӨМІР ЖОЛДАРЫНА АЙНАЛДЫРЫП, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМДІ ҰРПАҒЫН ТӘРБИЕЛЕУГЕ ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСЫП ЖҮРГЕН ЖАНДАРДЫҢ АЙТАРЫ БАР ЕКЕН…

Жұмагүл ҚҰРМАНАЛИНА, Құмжарған ауылы:

— 30 жылдан астам уақыттан бері Құмжарған негізгі орта мектебінде жұмыс жасаймын. Физика-математика пәнінен сабақ беремін. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, дүниедегі мамандық атаулының төресі — ол ұстаздық деп білемін. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Сол себепті өз мамандығымды сүйемін. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі — педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, рухани дамыған, шығармашыл тұлға болу керек. Біз де осы талапқа сай болуға тырысып, әрдайым білімімізді дамытып, тәуелсіз елдің еркін азаматтарын білімге жетелеп, әр баланың жүрегіне жол тауып, бала бойындағы дарынды ашу жолында тер төгіп жүрміз.

Ұқсас ақпараттар

Г.ИМАНБАЕВА: «ПРИДЯ К СОГЛАШЕНИЮ, ЛЮДИ ПРИ ЭТОМ СОХРАНЯЮТ ХОРОШИЕ ОТНОШЕНИЯ»

admin_mugalzhar

МЕЙІРІМ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕРІК ЕТКЕН АЙГҮЛ

admin_mugalzhar

Самет АЗАП, түркі әдебиетін зерттеуші маман: «Мақсатым – қазақ жастарына түрік әдебиетін оқыту»

admin_mugalzhar