«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Мұғалжар ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Комиссия мүшелері, мекеме және бөлім басшылары, аудандық мәслихат хатшысы, аудан депутаттары қатысқан отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Отырыста жұмыспен қамту саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылыққа жол бермеу бойынша қабылданған шаралар, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы шаралар айтылды.

Жұмыспен қамту орталығының басшысы Ғалым Дәрімбетов «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіби даярлау курстарында 100 адамның оқытылғанын, бүгінгі таңға 85-і адам оқуын аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылғанын жеткізді.

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анес Сейілхан мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу туралы мәселелерді қозғады. Ал аудандық білім бөлімінің

басшысы Ғайни Нұрсұлтанова білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларының және балабақша меңгерушілерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ЖАРКЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

admin_mugalzhar

Данияр Шамшаев өзбекстандық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды

admin_mugalzhar

ИСЛАМДА ДӘСТҮР ТУРАЛЫ НЕ АЙТЫЛАДЫ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.