«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

WhatsApp-та тағы бір жаңа функция пайда болады

Әзірлеушілер атап өткендей, WhatsApp қолданушылары дауыстық хабарламалар жазбасын паузаға қоя тұра алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Танымал мессенджердің жаңалығы дауыстық хабарлама жіберуді ұнататындарға арналған. Бағдарламаны жасаушылар қолданушы дыбыстық хабарламаларды қалаған жерінен тоқтатып, сосын сол жерден жалғастыра тыңдауға болатын функцияны сынақтан өткізіп жатыр. Хабарлама бір файлмен жіберіледі, — делінген хабарламада.

Жаңа түймені iOS және Android жүйелерінің қолданушылары пайдалана алатыны айтылды. Ол үшін хабарлама жазу интерфейсінде пайда болатын пауза түймесін басу керек. Бірақ WhatsApp қосымшасының мүмкіндіктерін әзірлеушілер әлі де зерттеп жатыр. Жаңа фунцияның шығатын нақты күні әзірге белгісіз, дейді әзірлеушілер.

 

 

 

Ұқсас ақпараттар

Алтынды ауылында жаңа мектеп ашылды

admin_mugalzhar

Қаржы пирамидалары: Алдын ала шығын – 5,4 млрд теңге, 9 адамға іздеу жарияланды

admin_mugalzhar

Қытай Қазақстандағы жаңартылатын энергетика жобаларына қызығушылық танытып отыр — министр

admin_mugalzhar