«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІ ШАҺАРЫНДА КҮЙ САЙЫСЫ ӨТТІ

Ембі қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы, «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында мәдениет қайраткері, халық күйшісі Д.Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай «Күй-тәңірдің күбірі» аудандық күйшілер байқауы өтті.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан қала әкімі Әлімжан Қорғанбай сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға қатысқан 9 күйші екі шарт бойынша өнер көрсетіп, қазылар алқасының шешімімен лайықты жүлделі орындар иеленді. Бас жүлдені А.Жанасаев, І орынды С.Бралин, С.Мырзабеков, ІІ орынды Ж.Сейітқалиев, Ә.Мұхамбедиев, Н.Айтуарова, ІІІ орынды Е.Макашев, Ж.Жексенбаев, Қ.Үсенбаев иеленді. Жүлдегерлер арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

А.ДАРХАН

Ұқсас ақпараттар

Трамп әкімшілігі Джо Байденге билікті беру процесін бастады

admin_mugalzhar

ЖАҢА САНИТАРЛЫҚ АВТОКӨЛІК АЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

Такси қызметіне орналастыру үшін 220 мың теңге алған Қандыағаш тұрғыны істі болды

admin_mugalzhar