«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢА САНИТАРЛЫҚ АВТОКӨЛІК АЛЫНДЫ

ҚАЗІРГІ ТАҢДА ЕЛІМІЗДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНЫҢ ҚАУПІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР. ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАР КҮЗ АЙЛАРЫНДА ЖАЛПЫ ТҰМАУ СЕКІЛДІ ВИРУСТЫҚ АУРУЛАРДЫҢ КӨБЕЮІМЕН ҚАТАР, ІНДЕТТІҢ ДЕ ӨРШУ ҚАУПІ БАР ЕКЕНІН АЙТЫП, ДАБЫЛ ҚАҒУДА. ОСЫ ОРАЙДА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖІТІ КӨҢІЛ БӨЛІП, ҚАУІПТІ КЕСЕЛМЕН КҮРЕСКЕ САҚАДАЙ САЙ БОЛУЫМЫЗ ШАРТ.

«Аурухана дәрігерлері індеттің екінші толқынына дайын. Дәрі-дәрмек пен медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныс құралдарының екі айға жеткілікті қоры бар. Ауыр науқастар үшін 6 өкпені жасанды желдету аппараты жұмыс жасап тұр. Жақын арада облыстық денсаулық сақтау басқармасынан тағы да 4 өкпені жасанды желдету аппараты келеді деп күтілуде. Бұдан бөлек оттегілік концентратор аппараттары да жеткілікті», — дейді аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров.

Берілген мәліметке сүйенсек, аймақта ахуал күрделенген жағдайда инфекциялық стационарға арналған 20, ал провизорлық стационарға негізделген 130 төсек қоры жасақталған. Компьютерлік томография, рентген аппараты жұмыс жасап тұр. Пулсоксиметрлік аппараттар да жеткілікті көрінеді. Сонымен қатар, ауруханаға жаңа санитарлық автокөлік алынған. Аталған автокөлік соңғы заманауи аппараттармен жабдықталған. Ауыр науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге арналған барлық құрылғылармен қамтылған. Айта кету керек, қазіргі таңда ауданда коронавирус індеті бәсеңдеп, жағдай тұрақталды. Соңғы екі аптада аудан аумағында індет жұқтырғандар анықталмады. Дертке шалдыққандар толықтай емделіп шықты.

Н.КЕСІКҚҰЛ.

Ұқсас ақпараттар

Білім ордасы 85 жылдығын атап өтті

admin_mugalzhar

СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.