«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰСТАЗ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ-ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Өткен аптада саналы ғұмырын кәсіптік білім беру саласына арнаған ұлағатты ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Ғабит Сәңкібаевтың құрметіне Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі ғимараты алдына ескерткіш-тақта қойылды.

Салтанатты шараға марқұмның туыстары, үзеңгілес достары, өзі оқытқан шәкірттері мен колледж студенттері қатысты. Жиында сөз алған Мұғалжар ауданының құрметті азаматтары Аманжол Адаев пен Амангелді Шунимов Ғабит Сәңкібайұлы туралы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырылған шараның болашақ ұрпақ үшін маңызды екенін атап айтты.

Ғабит Төлегенұлы кәсіптік білім беру саласында 26 жылдан астам уақыт елеулі еңбек еткен. 1990-2008 жылдар аралығында №4 кәсіптік училищесіне басшылық жасады. Тәуелсіздік алған жылдардағы тоқырау кезінде аталған колледжді талан-таражға түсірмей, техникалық базасын сақтап қалуда сүбелі үлесін қосты.

1995 жылы ҚР білім беру ісінің үздігі атанды. 2010 жылы «ҚР құрметті қызметкері» атағымен, аудандық «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Оның түрлі тақырыпта жазған мақалалары үнемі аудандық «Мұғалжар», облыстық «Актюбинский Вестник» газеттерінде жарияланып тұрды. Өзінің адамдық, тұлғалық қасиетімен замандастарының жадында қалған Ғабит Сәңкібаев артында қалған ұрпағына өшпес із қалдырды. Шара соңында марқұмның жұбайы Дәмегүл Исембаева есіл азаматты еске алуға келген барша адамға рақметін айтып, алғысын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

РАМАЗАН — РАҚЫМ АЙЫ

admin_mugalzhar

АТҚАРЫЛҒАН ІС ТЕ КӨП, АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТ ТА АЗ ЕМЕС

admin_mugalzhar

Праймериз: екі күнде 167 адам ниет білдірді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.