«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СІЗ «МҰҒАЛЖАРДЫ» ОҚИСЫЗ БА?

Ғасырға жуық уақыт жаңалықтың жаршысы бола білген бүгінгі «Мұғалжар» әр кезеңде атауын өзгертсе де, түрлі журналистердің қолтаңбасын сақтай отырып, өз мақсатын, оқырман алдындағы жауапкершілігін ұмытқан емес. Аудандық басылымның тұрақты оқырмандары да жылдар желісінде «Мұғалжарынан» алыстаған емес. Бүгінгі мерекелік нөмірге мұғалжарлықтар арасында сауалнама жүргізу барысында осыған тағы бір мәрте көз жеткіздік.

1.«Мұғалжар» газетін оқисыз ба? Әлеуметтік желідегі парақшаларын білесіз бе?

2.Газет бетінен қандай тақырыптағы мақалалар көргіңіз келеді?

3.Кешегі және бүгінгі газет қызметкерлері ішінен кімдерді атай аласыз?

Ақмарал ХАБИБОЛЛА, мұғалім, Ембі қаласы:

1.Білім саласында жүрген кез келген жан газет оқуы керек деп ойлаймын, оның ішінде «Мұғалжарды». Себебі ауданның тынысы, жаңалықтары, мәселелері, мереке-қуаныштарымызды мәңгіге еске сақтап қалатын — газет.

2.Жалпы аудандық газет бетінде көптеген мәселелердің көтерілетінін көріп жүрміз. «Мұғалжар» қаншама тағдырды көпшілікке жеткізіп, қаншама оқиғаның шешімін табуына себепкер болып жүр. Көптегенбайқауларөткізіп, оқырмандарынқызықтырыпотырады.

3.Журналистерді өз көзіммен көрмесем де, мақала астындағы авторларын оқып жүремін. Мысалы, көбіне Б.Жартина, А.Абданбаева, Ә.Искарин, Н.Кесікқұл, сонымен қатар С.Сапарғали атты фототілшіні жиі естимін.

Ұқсас ақпараттар

Неліктен кәсіби спортшылар TURAN суын таңдайды

admin_mugalzhar

Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

admin_mugalzhar

Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы қалай өсетіні белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.