«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Наурызбек САРБАСОВ: МАҚСАТЫМ — ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ

— Наурызбек Жұмабекұлы, Мұғалжар ауданының аумақтық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі болуға не түрткі болды?

— Мен еңбек жолымды 2010 жылы бастадым. Қазір «Адсана» сауда үйінің иесімін. Енді өзім кәсіпкерлікпен айналысқаннан кейін, тәжірибеммен бөлісіп, аудан жастарына қолдан келгенше жан-жақты көмек білдіруді мақсат еттім. Сол себепті, аудандық кәсіпкерлер кеңесіне мүше болдым. Одан әрі қарай мемлекеттік органдар және бақылау органдары тарапынан кәсіпкерлердің мәселелері туындаған кезде аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалымен бірлесіп қарап, оң шешімін табуға бар күшімді салуға дайынмын.

-Аумақтық кәсіпкерлер кеңесі жалпы қандай жұмыстар жүргізеді? Бүгінде күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерге тоқталсаңыз?

— Мәселелердің біріншісі,»Бастау бизнес» жобасы бойынша курс аяқтап, жаңадан кәсібін ашқан және салық органында үш жыл тіркеуде тұрған кәсіпкерлердің несие алу үшін кепілдігінің болмауына байланысты туындайтын және «Еңбек» бағдарламасы бойынша несие пайызын 6 пайыздан 4 пайызға төмендету мәселелерін көтеріп, аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалы арқылы облыстық кәсіпкерлер палатасына ұсыныс жолдау. Тағы бір шешімін күтіп тұрған мәселе, жаңадан кәсібін ашуға ниеттенген жастардың мал шаруашылығы саласын жүргізуге жайылым немесе шабындық жерлер алу үшін талап бойынша конкурс ережесіне сәйкес жеңімпаз болуы қиындық туғызады. Себебі, осы кәсіпкерлер категориясының инвестиция құюы аз болғандықтан, әрине мал саны аз.Екіншіден, мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін малын көбейтуге несие алуының талабы бойынша жер көлемі норматив бойынша болуы қажет. Жоғарыдағы жас кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер бойынша аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Бернияз Жәдігерұлымен ұсыныс дайындалып, облыстық кәсіпкерлер палатасына жолданды. Аудан бойынша проблемалық сұрақтар туындаса және ұсыныстар болатын болса, мен өзім хабарласып, атсалысатын боламын.

-Кеше ғана сіз Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелігіне өттіңіз. Бұл жердегі жұмысты енді бастайсыз. Осыған байланысты алдағы уақытта қандай жұмыстарды қолға алмақсыз?

— Осы кеңеске мүшелікке кіргендегі бағдарламамды айтып өтейін. Себебі, ары қарай да осы бойынша жұмыс жасаймын. Яғни, кәсіптік инновациялық бағыттарын дамыту, жастармен іскерлік дағдыларды дамытуға арналған нәтижелі жұмыстарды ұйымдастыру, жеке кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін қарап, оны шешу, «Атамекен» филиалы арқылы аудан көлемінде инновациялық бағыттарды дамыту, қайырымдылық бизнес мектеп пен кластар ашу.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Алда межелі міндет көп

admin_mugalzhar

Қазақстанда ипотекалық несиенің сыйақы мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендетіледі

admin_mugalzhar

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.