«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СІЗ «МҰҒАЛЖАРДЫ» ОҚИСЫЗ БА?

Ғасырға жуық уақыт жаңалықтың жаршысы бола білген бүгінгі «Мұғалжар» әр кезеңде атауын өзгертсе де, түрлі журналистердің қолтаңбасын сақтай отырып, өз мақсатын, оқырман алдындағы жауапкершілігін ұмытқан емес. Аудандық басылымның тұрақты оқырмандары да жылдар желісінде «Мұғалжарынан» алыстаған емес. Бүгінгі мерекелік нөмірге мұғалжарлықтар арасында сауалнама жүргізу барысында осыған тағы бір мәрте көз жеткіздік.

1.«Мұғалжар» газетін оқисыз ба? Әлеуметтік желідегі парақшаларын білесіз бе?

2.Газет бетінен қандай тақырыптағы мақалалар көргіңіз келеді?

3.Кешегі және бүгінгі газет қызметкерлері ішінен кімдерді атай аласыз?

Айжан ҒАЙНЕДЕН, мұғалім, Жұрын ауылы:

1.«Мұғалжар» газеті мұғалжарлықтарға кеңінен танымал. Ауданымыздағы жаңашыл жаңалықтарды дер кезінде жеткізіп, мәселелерді көре де, көтере де білетін газеттің тұрақты оқырманымын. Ауданымыздың атымен аталған бұл газетті оқымау — болып жатқан жаңалықтардан бейхабар қалу деген сөз. Сол себепті, әрине, оқимын, себебі, оқуға тұрарлық.

2.Газетте тың ақпараттардың берілуін қалар едім. Мәселен, қазба байлықтар жөнінде, зерттеу жұмыстарын жүргізген ғылым саласы жөнінде және аудан көлеміндегі билік басшыларының арнайы есебі нақтыланып жазылса екен.

3.«Мұғалжарлықтардан» Б.Жартина, Н.Қалиева, Ж.Айтжан және т.б. тілшілердің мақалаларын оқыдық. Қазірде Н.Кесікқұл, А.Дарханқызы, Ә.Кеңестердің жазғанын оқып тұрамын.

Ұқсас ақпараттар

2022 жылы Қазақстанда балаларға берілетін жәрдемақы көлемі қанша болады?

admin_mugalzhar

Қай қан тобындағы адамдар қатерлі ісікке жиі шалдығады?

admin_mugalzhar

Халықтың несие бойынша қарыздары тағы да кешіріле ме?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.