«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық қос боксшы жеңіске жетті

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатынының алғашқы күнінде кездесу өткізген қазақстандық қос боксшы жеңіске қол жеткізді. Олар келесі кезеңге жолдама алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Серік Теміржанов қазіргі Азия чемпионы Энкх-Амар Хархууды төрешілер шешімімен жеңді.

Жеңімпазды хабарлау кезінде қызықты оқиға болды. Төрешілер Теміржановтың бұрышын атағанымен, моңғолдық спортшының аты-жөнін айтқан. Алайда келесі кезеңге отандасымыз жолдама алды. Ол Азияның жастар арасындағы 2019 жылғы чемпионы, жапониялық Рейто Цуцумимен жұдырықтасады.

Жарыстың алғашқы күнінде өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз – Абылайхан Жүсіпов те төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Қазақстан құрамасының капитаны тайпейлік Лин Юді жеңген. Екінші айналымда ол венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездесу өткізеді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАЙЛАУДА ЖҮР ЖАС ЖІГІТ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ЖЫЛЫЖАЙ БАҒБАНЫ — ЖАҢЫЛАЙ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.