«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЛА ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ауданға жасаған жұмыс сапары аясында Қандыағаш қаласындағы 1970-1980 жылдары салынған көпқабатты ескі үйлердің қасбеттерін қарап, абаттандыру жоспарларымен танысты. Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов жаңаша келбетке енген «Жастық» мөлтек ауданындағы №38 Б, №39 Б, №49 А №49 Б үйлердің қасбеті түрлі түске боялғандарын баяндады. Сондай-ақ қала әкімі келер жылы 6 көшеге тротуар салынатындығын, 2 көшеге Led жарық шамдары орнатылатындығын, 12 көпқатты тұрғын үйлердің аулаларына балалар ойын алаңдарымен спорт алаңдары бар абаттандыру жұмыстары жүргізілетіндігін баяндап, 4 ескі көп қабатты үйлердің сырланып, боялатындығын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Димаш Құдайберген ертең онлайн концерт өткізеді

admin_mugalzhar

«МАЛ ҰРЫСЫ» іс-шарасы өтуде

admin_mugalzhar

2021 жылы 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.