«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛЕК АУЫЛЫНА ГАЗ КЕЛДІ

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Елек ауылына көгілдір отын берілді. Ауыл тұрғындарының көптен күткен бұл қуаныштарын бөлісуге облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы келді. Ауылға келген газ құбырын еңбек ардагері, бұрынғы Ақкемер совхозының директоры, Мұғаджар ауданының 1-ші хатшысы болған Қуандық Әлішев және Ақкемер ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Жалет Сыдықов іске қосты.

600-ге жуық тұрғыны бар Елек ауылында 106 үй бар. Республикалық тас жолдың бойында орналасқан елді-мекеннің əлеуметтік-экономикалық дамуы жылдан-жылға жақсарып келеді. 2019 жылы қыркүйек айында Елек негізгі мектебі пайдалануға берілсе, 2020 жылдың желтоқсан айында орталықтандырылған су жүйесі іске қосылды.

Ұқсас ақпараттар

Ералы Тоғжанов Мұғалжар ауданының ірі кәсіпорындарына барды

admin_mugalzhar

ГАЗЕТ ҰЖЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

«Қадірәлі ата» мешітінде құран оқудан жарысы өтті

admin_mugalzhar