«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰРЫН АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН КЕЛДІ

Жұрын ауылына газ келді. Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышына, тілектері орындалған тұрғындарды Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин арнайы барып құттықтап, жылы лебізін білдірді. Көгілдір отынды бұрынғы Октябрь ауданының 1-ші хатшысы болған Кеңес Бірманов және Жұрын ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақтапберген Майбасов іске қосты.

290 үйі, 1300-ден астам тұрғыны бар Жұрын ауылына көгілдір отынның берілуі ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Өткен жылы да Жұрында бірқатар еңселі істер атқарылды. “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында 3 орталық көшеге асфальт төселіп, ауылдағы Қ.Жұбанов атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар

Праймериз: Дауыс беру ертеңгі сағат 14:00-ге дейін жалғасады

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық «Сиқыршыны» нокаутқа жіберді

admin_mugalzhar

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР — БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar