«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛАБАҚШАҒА — 35 ЖЫЛ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қандыағаш қаласындағы «Күншуақ» бөбекжай-бақшасы 35 жылдық мерейтойын атап өтті.

Аталған бөбекжайдың құрылысы 1985 жылы аяқталып, 1986 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілген. Осы жылдар аралығында балабақша өзі де есейіп, 35 жыл бойы бүлдіршін түлектердің қанатын қақтырды. Салтанатты шараға Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары Жандос Құлбаев, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Есмұхан Шымқаев және балабақшаның бұрынғы меңгерушілері мен ардагерлері қатысты.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Жандос Құлбаев ұжымды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Есмұхан Шымқаев ұжым қызметкерлерін аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады. Ақ тілектер ағынын бүлдіршіндердің сахналанған сазды қойылымы, көңілді әуендер мен әсем билер көркемдеді.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ӨЗГЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ БІЗДЕ ЕМДЕЛЕ АЛАДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда жүкті әйелдер жәрдемақыны үйде отырып, SMS арқылы рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды

admin_mugalzhar

Белгілі журналист Бейсен Құранбек дүниеден өтті

admin_mugalzhar