«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Амстердамда ұшқышсыз су таксиі сыналып жатыр

Амстердамда ұшқышсыз су таксиі сынақтан өткізілді. Электр қозғалтқышы бар қайық түріндегі құрылым жергілікті арналар арқылы жүреді және жолаушыларды да, тауарларды да тасымалдайды, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі 3D News сайтына сілтеме жасап.

Ұшқышсыз су таксиінің жобасы көлік мәселесін шешуге бағытталған. Амстердамдағы жол кептелістеріне байланысты жағдай жеткізу қызметіне сұранысты арттырды.

Амстердамның алдыңғы қатарлы Қалалық шешімдер институтының (Amsterdam ‘ s Institute for Advanced Metropolitan Solutions) және Массачусетс технологиялық институтының (Massachusetts Institute of Technology) конструкторлары Амстердамның көптеген су арнасы арқылы жүретін ұшқышсыз көлік ойлап табуға шешім шығарды. Осылайша, автомобиль жолдарының бір бөлігін босатты.

Жоба Robot деп аталды (сөз ойыны: robot — «робот» және boat — «қайық») және ол төрт жыл бойы әзірленді. Қазір екі толық өлшемді қайық моделі дайын. Robot тасымалдаудан басқа қоқыс жинаумен айналысады деп жоспарланған. Қала әкімшілігі бұл идеяны қолдады және пилоттық жоба 2022 жылдың басында басталады.

Өлшемі екі-төрт метр және салмағы 1 200 келі болған кезде Robot батареядан сегіз сағатқа жуық автономды жұмыс істей алады. Айта кетейік, әзірлеушілер әлі жолаушыларды тасымалдауға рұқсат алған жоқ.

Олардың айтуынша, Robot әртүрлі мақсатта қолданылады.

Ұқсас ақпараттар

Тұмаумен ауырмаудың жолы — вакцина

admin_mugalzhar

«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау

admin_mugalzhar

Жапония 100 жастан асқан қарттар саны бойынша рекорд орнатты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.