«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жемқорлықпен күрес — әр азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық — заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Жемқорлық – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті және жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізде де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық.. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен күресу – жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, қоғам болып жүзеге асыратын өте жауапты да маңызды шара болып табылады. «Ғасыр дертіне» айналып бара жатқан проблеманы дер кезінде ауыздықтау – қоғам өмірінің өсуінің, дамуының бірден-бір кепілі болмақ. Сол себептен сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес Қазақстанның әрбір азаматының міндеті екендігін айтқым келеді.

Б.Баимбетов,

Мұғалжар аудандық сотының аға сот приставі.

Ұқсас ақпараттар

Талдысай ауылдық округі тұрғындарының назарына!!!

admin_mugalzhar

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріп кетті

admin_mugalzhar

Латын әліпбиі – заман талабы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.