31 жастағы мексикалық Сауль «Канело» Альварес бокстан супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы атанды.
Vesti.kz-тің мәліметіне қарағанда, ол бүгін, яғни, 7 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында 29 жастағы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жекке шығып, «Канелоның» WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері мен Планттың IBF титулдары үшін жұдырықтасты.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жетпей, 11-раундта ол алдымен нокдаун жасап, кейін қарсыласын нокаутқа түсірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл Альварестің қатарынан жеңген сегізінші жекпе-жегі. Ол соңғы рет 2017 жылдың қыркүйегінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) алғашқы жекпе-жегін тең өткізген кезде рингтен жеңіссіз қайтқан. Бұл мексикалықтың мансабындағы 57-жеңіс, 39-шы мерзімінен бұрынғы жеңіс. Ал Плант алғаш рет жеңіліс тауып отыр. Оның қанжығасында 21 жеңіс бар.
Айта кетейік, «Канело» жекпе-жек алдында GGG 76,2 келіге дейінгі супер орташа салмаққа көтерілсе, онымен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді.
baq.kz