«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ғалымдар коронавирусқа төтеп беретін антидене мөлшерін анықтады

Ғалымдар коронавирустан қорғауға жеткілікті антидене көлемін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап.

Гамалея атындағы орталық директоры Александр Гинцбург айтуынша, орталық 4 мың адаммен зерттеу жүргізген.

Коронавирустың дельта-штаммынан қорғану үшін халықаралық бірліктегі кемінде 300 антидене қажет болатыны анықталды. Егер антидене көлемі аз болса, онда «Спутник Лайт» препаратын салғызу керек.

Егер «Спутник Лайтпен» вакциналаудан кейін антидене  мөлшері 350-400 деңгейінде болса, онда «Спутниктің» екінші компонентін салғызуға болады.

«Егер адам ағзасында 500 бірліктен көп антидене болса, онда бұл коронавирус жұқтырудан қорғайтын мінсіз мөлшер», — деді ғалым.

Гинцбург халықаралық бірлік деп banding antibody units-ті (антиденелердің бейтараптандырушы бірлігі) меңзеп отырғанын түсіндірді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жақында ғана осы өлшемді енгізген болатын.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе арнайы экономикалық аймағы – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады

admin_mugalzhar

Қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады

admin_mugalzhar

Клип Димаша Кудайбергена на казахском языке покажет MTV USA

admin_mugalzhar