«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Диетолог қызанақтың денсаулыққа пайдасы жайлы айтты

Қызанақ — ликопиннің табиғи қоры. Ол иммунитетті күшейтетін және ісікке қарсы әсері бар антиоксидант болып табылады. Бұл туралы дәрігер-диетолог және Диетологтар мен нутрициологтар ұлттық ассоциациясының мүшесі Наталья Круглова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

«Ол ағзаны жүрек және қан-тамыры ауруына шалдықтыруы мүмкін бос радикалдар әсерінен және онкологиялық аурулардан қорғайды. Ликопиннің көмегімен иммунитеттің қорғаныш жасушалары түзіледі», – деді Круглова сұхбат барысында.

Диетологтың айтуынша, қызанақ құрамында С дәрумені, тағамдық талшықтар мен бета-каротин бар. Бета-каротин тері, шаш, тырнақ және көру жүйесіне оң әсер етеді. Сонымен қатар Наталья Круглова қызанақ бойындағы пайдалы заттар термиялық өңдеуден кейін де сақталатанын айтады. Әрі көкөністен гөрі томат пастасындағы ликопин саны көбірек болады екен.

«С дәрумені үшін қызанақты таңдаған жөн. Себебі термиялық өңдеу кезінде С дәрумені бұзылады. Ал кетчупте тұз мөлшерін өлшеген жөн. Сондықтан пастаны негіз ретінде алып, дәмдеуіштерді және тұзды өзіңіз қосқаныңыз дұрыс», — деп кеңес берді Наталья Круглова.

Алайда қызанақты барлығына тұтынуға болмайды. Ас қорыту жүйесі ауруының асқынуы байқалатын адамдарға қызанақ жеуге кеңес берілмейді.

Ұқсас ақпараттар

Оңтүстік Корея өкілдері Ким Чен Ынның неге көрінбей кеткенін айтты

admin_mugalzhar

ҚР Президенті Үкіметке су басқан ауылдарға материалдық көмек көрсетуді тапсырды

admin_mugalzhar

Қордайдағы жанжалда 8 адам мерт болып, 40-тан астамы жарақаттанған

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.