«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЛІШЕРДІҢ БАЛАЛАРҒА ТАРТУЫ

ҚР Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ «Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамытуға арналған шаралар кешенін ұйымдастыру» бойынша байқау өткізді.
Өткізілген байқаудың нәтижесінде Қайыңды ауылының жас тұрғыны Әлішер Бердібаев жеңімпаз атанды. Әлішер бүгінгі күні Қайыңды ауылында жоба аясында «Bibi park” ойын алаңын ашып, балаларға тегін қызмет көрсетіп жүр. Сонымен қатар жеңіп алған қаржыға батут, мұздатқыш, ойыншықтар мен балмұздақ алған Әлішер бастаған бастамашыл топ Қайыңды ауылының мәдениет үйінде балаларға арнап мерекелік кеш өткізді. Шараға аниматорлар жалдап, түрлі ойындар өткізіп, балалардың көңілдеріне қуаныш сыйлады.
Қоғамға пайдалы болуды, қызмет көрсетуді борышымыз деп білетін қайыңдылық жастар алдағы уақытта ауылдан балаларға арналған демалыс орталығын ашуды армандайды.

Ұқсас ақпараттар

Зейнеткерді құтқарам деп күйіп қалған жігітке Ақтөбе тұрғыны пәтер сыйлады

admin_mugalzhar

Ішек инфекциясынан сақтану керек

admin_mugalzhar

Акиматом Актюбинской области ведется учет наличия продовольственных товаров

admin_mugalzhar