«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ

Ембі қалалық әкімдігінде Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Ақтөбе даму» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті.

Семинарға «Ақтөбе даму» қоғамдық бірлестігінің өкілі, лектор Марал Шилмаханова және Ембі қаласындағы бюджеттік сала ұйымдарының қызметкерлері және жастар белсенділері қатысты.

Семинар барысында «Ақтөбе даму» қоғамдық бірлестігінің лекторы Марал Шилмаханова қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызына қатысты ақпарат берді.
Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша арнайы мысалдар келтіріліп, тақырып аясында тренинг ойындар өткізілді.

Семинар соңында қатысушылар жемқорлық салдарымен күресу жолдары мен қоғамды осы іске қатыстыру маңыздығы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде 12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер алғаш рет тестілеуден өтеді

admin_mugalzhar

Қазақстан Ұлттық банкі 200 теңгелік тиындарды айналымға шығарды

admin_mugalzhar

Димаш Токиодағы джаз фестивалінде өнер көрсетеді

admin_mugalzhar