«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕК АДАМЫ — ЕРЛАН

ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫ — ҚИЫНДЫҒЫ КӨП, ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР, ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДА СҮБЕЛІ ҮЛЕСІ БАР ҮЛКЕН САЛА. АТАЛМЫШ САЛА ЖҰМЫСШЫЛАРЫ БІР «ТЕМІРЖОЛШЫ» ДЕГЕН АТАУҒА СЫЙЫП КЕТКЕНІМЕН, САН-АЛУАН БАҒЫТТА ТЕР ТӨГІП ЖҮР. ДӘЛ ОСЫНДАЙ ЖҰМЫСЫ МАҢЫЗДЫ, БІРАҚ ІСІ КӨЗГЕ КӨП КӨРІНЕ БЕРМЕЙТІН ТЕМІРЖОЛШЫНЫҢ БІРІ БҮГІН БІЗДІҢ «ЕҢБЕК АДАМЫ» АЙДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЙІПКЕРІНЕ АЙНАЛДЫ.

Ерлан Қарағұлов бүгінде «Теміржолсу» мекемесінің теміржолдарды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ететін сорғы қондырғыларының машинисі болып еңбек етеді. Яғни, теміржолдың, сол жолдағы пойыздардың, пойыздағы жолаушылардың ауыз сумен қамтамасыз етілуін жіті бақылайды. 1984 жылдың 3 наурызында бұрынғы Октябрьск ауданы, Восток ауылында дүниеге келген теміржолшы ең алғашқы еңбек жолын «Сан
Дриллинг» ЖШС-де қазандық қондырғылардың операторы болып бастаған екен. 7 жыл бойы сол жерде тер төгіп, кейін сол кездегі «Базальт-А» ЖШС-де автослесарь болған. 2014 жылы қазіргі еңбек етіп жүрген жерінде кәріздік ағындыны биологиялық тазарту станциясында машинист болса, 3 жылдан соң бүгінгі жұмысына ауысқан.
— Ең алдымен ауысымды қабылдаймын. Кейін жолдағы, су мұнарасындағы судың қысымын және жылу жүйесінің қазандықтарының ағып кетпеуін сағат сайын тексеремін. Барлық деректер журналға жазылып, Ақтөбе қаласының диспетчерлік пунктіне жіберіледі. Жұмыс барысында трассада қысым төмендеген жағдайда, қысымды арттыру үшін деректерді станцияға шұғыл жіберемін. Міне, осылай
күнделікті қайталанып отырады, — дейді теміржолшы Ерлан Боташұлы. Әр жұмыстың өзіндік қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Кейіпкеріміз де еңбек жолындағы қиындықтарын айта отырып, жұмысының қызықты екенін де тілге тиек
етті.
— Адал еңбекпен тапқан әрбір нан тәтті және бағалы. Бала кезімнен бойыма сіңіріп өскен осы қағиданы, еңбектің берерін, тәрбиесін өз ұлымның да бойына сіңіріп өсірсем деймін, — дейді еңбек адамы Ерлан Қарағұлов.
А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Самет АЗАП, түркі әдебиетін зерттеуші маман: «Мақсатым – қазақ жастарына түрік әдебиетін оқыту»

admin_mugalzhar

Маралбек БИТЕНОВ, жас әнші: «Бала кезден әнші болуды армандадым»

admin_mugalzhar

АҒА ГАЗЕТТІҢ ӨНЕГЕСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.